Жібек Құлымбетова Ислам ойындарында күміс жүлдегер атанды

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК Қазақстандық спортшы Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші орын алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. ҚР ҰОК мәліметінше, ол финалда Асма Альхосанимен (БАӘ) кездесті. Шешуші жекпе-жектің қорытындысы бойынша БАӘ өкілі жеңіске жетсе, Жібек жарысты екінші орынмен аяқтады.

Толық оқу
Яндекс.Метрика