Tag Archives: жемқорлық

Шымкентте қайтыс болған адамның денесін алу үшін пара сұраған

Фото: Видеодан алынған кадр

Шымкентте морг қызметкерінің мәйітті беру үшін 35 мың теңге сұраған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Марқұмның туыстары бұл жағдайды видеоға түсіріп, құқық қорғау органдарына жүгінген. Соңғы жылдары мұндай жағдайлар елдің әр өңірінде тіркеліп келеді.

Бұл — саланың жүйелі түрде бақылаудан тыс қалғанының айғағы. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі жемқорлық адам өмірінің соңғы сәтін де табыс көзіне айналдырғандай әсер қалдырады. Қоғам сенімі жоғалған жерде өлімнің өзі саудаға түсіп жатыр.

Қарағандыда биыл ғана салынған жол қақ айрылып жатыр: халық жемқорлықты ашық әшкереледі

Фото: видео скриншот

Қарағанды қаласындағы Күнгей ықшам ауданында биыл ғана төселген жолдың сапасы әлеуметтік желіде үлкен дау туғызды. Тұрғындар түсірген видеоларда асфальттың қақ айрылып, ойылып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Шапкамызды аспанға атып қуанған едік, қақпай жатып жол қопарылып жатыр», – дейді жергілікті тұрғындар. Айтуларынша, ыстықтай құйылған асфальт жолдың шетіне төгіліп, қатып қалған.

Желі қолданушылары мұны «жемқорлардың қалтасына кеткен халықтың маңдай тер ақшасы» деп бағалап, жауаптыларды сынға алды. «Қайран суға кеткен миллиардтар! Екі қолды қалтаға салып жүргендер елді ойламайды», – деген ашулы пікірлер тарауда.

Тұрғындар Қарағанды облысының әкімдігі мен қалалық әкімдіктен шұғыл шара қабылдауды талап етіп отыр. «Егер ұяттарыңыз болса, мәселені дереу шешіңіздер!» – делінген жазбалардың бірінде.

Түркістанда білім бөлімінің қызметкерлері 3,7 млрд теңгені жымқырған

Фото: NewTimes.kz

Түркістан облысы Шардара ауданының білім бөліміне қарасты есепшілер 3,7 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жеті айға созылған сот процесінде барлығы 15 адам айыпталушы орындығында отырды. Үкім жарияланған күні сот залы адамға лық толып, сыртта да туыстары кезекке сыймай қалды. Шешім шыққан сәтте кейбір сотталушылар көз жасын тыя алмады.

Сот үкіміне сәйкес, білім бөлімінің басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Есепшілердің басым бөлігі 7 жылға сотталды. Дегенмен, айыпталушылардың бірі келтірілген шығынды толық өтеп, жазадан босатылды. Үш адам жасына байланысты рақымшылыққа ілікті. 62 жастағы екі есепшінің жазасы кәмелетке толмаған балалары болғандықтан кейінге қалдырылды. Ал бір қызметкер тергеу кезінде қайтыс болған.

Сотталушылардың заңсыз тапқан мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді. Оның ішінде жер үйлер, пәтерлер және сауда орындарындағы алтын сататын бутиктер бар.

Үкімді қолдамаған туыстар енді апелляциялық шағым түсіруге ниетті.

— «Мен әйелімнің ондай ақша алғанын ешқашан көрген емеспін. Бұл — жала», – деді сотталғандардың бірінің жұбайы.

Айта кетейік, өткен жылы Атырау қалалық емханасының бас есепшісі 573 миллион теңгені жымқырғаны үшін сотталған еді.

Перизат Қайраттың сөмкелері мен киімдері 152 миллион теңгеге бағаланған

Айыптау актісінде көрсетілген деректерге сәйкес, Перизат Қайраттың меншігіндегі 123 брендтік сөмке мен киімнің жалпы құны 152,8 миллион теңгеге жеткен, депр хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Тергеу деректеріне қарағанда, ол сондай-ақ қымбат қолсағаттар мен зергерлік бұйымдарды қолма-қол ақшаға сатып алған. Бұған қоса, бұршақтан зақымданған Mercedes көлігін жөндету үшін 7 миллион теңге төлеген.

Еске салсақ, 2024 жылғы 14 қарашада ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Сондай-ақ оған Палестинаға жиналған қаражаттан 200 миллион теңге жымқырды деген айып тағылып отыр. Қаржы мониторингі агенттігі оның жалпы 3,5 миллиард теңгені жымқырғанын мәлімдеді.

«Тойынған тоқты екені көрініп тұр»: Қазақстанда бірінші болып мемлекет қаржысына қол салған жемқор кім? (ВИДЕО)

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғашқы жемқорлық қай кезде байқала бастады? Қандай тексеріс органдары болды? Президент Әкімшілігін тексеруге кімнің тісі батты? Бұл сұрақтардың жауабын Qasqa Jol арнасына берген сұхбатында ҚР Парламенті депутаты (1995-1999 жж.), Премьер-министр кеңесшісі, Мәдениет және өнерді қолдау мемлекеттік қорының атқарушы директоры Мәди Әдиұлы Артығалиев айтып берді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жемқорлықтың басталуы…

Экс-шенеунік Мәди Әдиұлы Жоғарғы кеңестің елдегі алғашқы жемқорлық фактілерін тексеру қалай, қай жылы басталғанын айтты.

«Жоғары кеңесте тексерісте жүргенімде 1994 жылы қызметте жүргенімд бірінші рет сигнал түсті, Президент әкімшілігінде, Іс басқармасында, шаруашылығында мемлекет ақшасын талан-таражға салып жатыр деді. 15 адамбыз тексеру керекпіз. Мен қолымды көтеріп барамын дедім. Бұл негізі президентті де тексеру деген сөз. Жоғары кеңестің лауазымы жоғары болды. Президент арамызға келіп отыратын. Асанбаев, Әбділдин басқарған отырыста Президент өзі келіп, Үкіметке тапсырма беріп биылғы жылдың ақшасын не істейміз деген басты сауалды бірге отырып шешетін кезеңдер еді. Сол ақшаны қорғау Жоғары кеңестің өкілетті органы Бақылау палатасына берілген болатын. 12-шақырылымның ортасын қарай құрылған», — дейді Мәди Әдиұлы.

Жемқорлықтағы алғашқы сигнал Президент шаруашылығын басқармасында байқала бастаған. Ол кездері Президент шаруашылығына өте үлкен қаржы бөлінген.

Содан Президент шаруашылығын тексеруге аттандым, маған мандат беріліп Жоғары кеңес атынан бардым. Басшысы Владимир Ни отыр. Ол Президент шаруашылығын басқарады. Ол құрылымға өте үлкен қаржы бөлінген, бас орган ғой. Соған келдім, маған қарамайды да. Келгенімді білдірдім, этикет бар ғой. «Че надо?» дейді, амандасудың орнына, осыдан-ақ оның тойынған тоқты екені белгілі болды. Менің қайдан келгенімді қолымнан көріп, «Нұртай Әбіқайович тут пришел какой-то Мәди Әдиевич говорит с проверкой. Что мне делать», дейді. Телефон ар жағынан «прими и разреши проверку» дегені естіліп тұрды. Содан кейін барып орнынан тұрым, маған қолын беріп амандасты. Қайта танысқандай болды, «көп уақытым жоқ 2 аптада көмегіңізбен тексерісті аяқтайын дедім», құжаттарға доступ керек қой. Қаржылық құжаттарды көрсетіңіз, соңғы 1 жылдың түгел есеп-қисабын дедім. Соңғы бір жыл Президент отыратын әкімшілігінің ғимаратын салып жатырсыз 1 жыл болды әлі бітпей жатыр, оған қоса ақша сұрапсыз ғой, не себеп болды деп сұрадым. Әлгі кісінің демі тарылғандай болып, бөлмесіне жүгіруі кетті. Бір апта бойы бәрін мұқият қарадым. Сол кездегі МинФин-нен біліп келгендерім бар, соңғы келген екі транш 200 млн теңге ақша жоқ. Осыны таптым. Оны өздері қызылмен жазып, есеп-қисап жасаған екен. Алынатын шапка, ұрланатын сома бөлек түзелген. Резервті қаржы деп, жеке жүргізіледі екен»,  — деп түсіндірді ол.