Қазақстандық WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы рингке қайта оралады. Ол WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен кездесіп, орта салмақта үш чемпиондық титулды біріктіру үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы Top Rank промоутерлік компаниясы ресми түрде хабарлады.
Тарихи айқас 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында орналасқан «Frost Bank Center» аренасында өтеді. Бұл жекпе-жек Premier Boxing Champions ұйымдастыратын PPV кешінің соглавный (негізгімен қатар өтетін) кездесуі болмақ.
Кештің басты айқасында мексикалық Исаак Крус пен америкалық Ламонт Роуч күш сынасады.
Егер Жәнібек жеңіске жетсе, ол орта салмақтағы үш чемпиондық белбеуді қатар иеленіп, WBC нұсқасы бойынша титулды иемденген доминикандық Карлос Адамеске қарсы толық біріккен чемпиондық жекпе-жек өткізуге бір қадам жақындайды.
Белгілі файтер Қуат Хамитов («Найман») беделді ACA лигасындағы дебютіне бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінде лимиттен асып кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Спортшының салмағы 78,2 келі болып тіркелген — бұл орта салмақ санатындағы рұқсат етілген межеден 100 грамм артық. Айта кетейік, 23 қазанда Хамитов Дубайда өтетін ACA 194 турнирінде алғаш рет өнер көрсетеді.
Оның қарсыласы — ресейлік файтер Анатолий Бойко.
Бұл кездесу қазақстандық спортшының ұзақ үзілістен кейінгі маңызды камбэгі болмақ.
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қарашада өткізуді көздеп отыр, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
– Мен АҚШ-қа жол тарттым. Қараша айында шаршы алаңға шығуға дайын боламын. Карлос Адамес үшін әлі де мүмкіндік бар. Егер ол келісім бермесе, мен белбеулерімді басқа қарсыластарға қарсы қорғаймын. Адамес пен оның командасына айтарым: уақыттарың аз қалды!, – деп жазды Жәнібек.
Боксшы жанкүйер сұрағына жауап бере отырып, қарашаның басында жекпе-жек өткізгісі келетінін нақтылады.
Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен чемпиондық титулдарды біріктіруді мақсат етіп отыр.
Егер келіссөз сәтсіз аяқталса, қазақстандық чемпион басқа қарсыласпен кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
IBF және WBO бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 KO) үндеу жолдады, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Әлімханұлы жекпе-жек бойынша келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеп, Адаместі қорқақ деп атады.
«Адамес, біз құжаттарға қол қойдық. Енді сені күтіп отырмыз! Неге қол қойғың келмейді? Бүкіл құжат сенің алдыңда жатыр! Қорқақ!» — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, екі боксшы да әлем чемпионы атақтарын біріктіру мақсатында айқас өткізуге ниетті екенін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын. Алайда нақты келісімге қол жеткізу әзірге мүмкін болмай тұр.
Астанада бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем кубогі өз шымылдығын түрді. Алғашқы болып шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
Назым 48 келі салмақта бірінші жекпе-жегінде канадалық Приянка Диллонды айқын басымдықпен ұтты. Осылайша Назым Қызайбай келесі кезеңге жолдама алды.
Бокс федерациясы мәліметінше, оның келесі қарсыласы – өзбекстандық Азия ойындарының чемпионы Фарзона Файзолова.
Айта кетейік, бұл дүбірлі дода елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарысты World Boxing ұйымы өткізіп жатыр. Айтулы додаға 30 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы бақ сынайды.