17 жастағы таеквондошы Олимпиада жолдамасын олжалады
[Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Ұлттық құрамадағы ең жас таеквондошы жартылай финалда Сауд Арабиясының спортшысы Әли Мабрук әл-Мабрукты жеңді. Жекпе-жекте есеп 2:0 болып тіркелді. Оған дейін Батырхан Төлеуғали алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен жеңген болатын. Бұл лицензия – таеквондодан ұлттық құраманың алғашқы жолдамасы….