Tag Archives: жарылыс

Шұғыл: Алматы облысында жарылыстан үш адам қаза тапты

Фото: ТЖМ

Алматы облысы Іле ауданындағы металл қабылдау пункттерінің бірінде белгісіз зат жарылып, оқиға орнынан үш адамның мәйіті табылған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Полиция қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған.

«Белгісіз зат жарылып, үш адам қаза тапты. Олардың денелері оқиға орнынан табылды. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді», — деп хабарлайды облыстың полициясы.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Құлсарыда жарылған жанармай бекетіне қатысты жаңа дерек шықты

Атырау облысында автогаз және жанар-жағармай құю бекеттері жаппай тексеріледі. Бұған түрткі болған — Құлсарыдағы жанармай бекетінде болған жарылыс. Жалпы өңірде 125 жанар-жағармай құю бекеті бар. Одан бөлек 101 бекет автогаз сатады. Олардың 56-сы Атырауда орналасса, қалған 45 станция аудандарға тиесілі, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен өткен жиында қала және аудан әкімдіктеріне өз аумақтарында орналасқан станциялардың тізімін жасақтау, олардың орналасқан жері және қауіпсіздігі бойынша тексеріс жұмыстары тапсырылды. Адам өміріне қауіп төндіріп тұрған нысандарды анықтап, ұсыныстарды әзірлеп, соның аясында жұмыс істеу ТЖД мамандарына жүктеліп отыр.

Бүгінде Жылыой ауданы Құлсары қаласы «Ниет» жанар-жағармай құю бекетінде болған өрттің себебін анықтау үшін комиссия жұмыс істеп жатыр. Тергеу ісі бір ай көлемінде жүргізілмек, қажет болған жағдайда тағы қосымша уақыт беріледі.

Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Сырым Жаймағамбетовтың айтуынша, өртенген бекет жобалау құжаттарынсыз жұмыс істеген және «Азаматтық қорғау туралы» заңының 77-бабына сәйкес департаментке тіркелмеген. Мұны мамандар станцияның тұрғын үй секторына жақын орналасуымен байланыстырып отыр.

– Барлық жұмыс заң талаптарына сай істеледі. Қала және аудан әкімдіктері тек газ құю бекетін емес, жанар-жағар май құятын объектілердің барлығын тексеруі керек. Қала бойынша бекеттердің қай жерде орналасқаны туралы негізгі тізім бар. Бізге қазір адамдардың өміріне қауіп төндіріп тұрған нысандарды анықтап, комиссиямен аумақтарды қарап, ұсыныс енгізуіміз қажет, – деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев.

Жиын барысында өңірде тіркелген дала өрттеріне қатысты бірқатар мәселе талқыланды. Құрманғазы ауданында орман алқаптарын ұлғайту мақсатында қосымша 500 гектар жер бөлініп жатыр. Осы жылдың күзінен бастап сол учаскелерге тал-терек егілмек. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов биыл Құрманғазы, Исатай, Индер аудандарына өрт мұнарасы қойылатынын айтты. Және өрт сөндіру көліктері мен 4 дрон сатып алу жоспарланып отыр.

Алматыдағы жарылыс: үйінді астынан ер адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)

Алматы қаласының Алатау ауданындағы Шапағат ықшам ауданында болған жарылыс сәті көше бақылау камераларына жазылып қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«1980 жылы салынған тұрғын үйде ыстық су жүйесінің жарылысына (ГВС) ұқсас жағдай орын алды. Құрылымдар құлап, алайда өрт болмаған», – делінген ведомство хабарламасында.

Төтенше жағдайдан кейін 1949 жылы туған ер адамның мәйіті үйінді астынан табылды. Қазіргі таңда оқиға орнында құтқару және тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Оқиға орнына жедел штаб құрылып, келесі қызметтер жұмылдырылды:

  • Жергілікті атқарушы органдар (МИО),
  • Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (ДЧС),
  • Құтқару қызметінің кинологтары,
  • ҚР ТЖМ күштері,
  • «109 Құтқару қызметі»,
  • Катастрофа медицинасы орталығы,
  • Қалалық өзара іс-қимыл қызметтері.

Жарылыстың нақты себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы оперативті-тергеу тобы құрылды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Павлодарда монша қазандығында жарылыс болды (ВИДЕО)

Нәтижесінде сыртқы қабырға құлап, жақын маңда тұрған жеңіл автокөліктер зақымданды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 19:39-да Қамзин көшесі, 132 мекенжайы бойынша монша-кір жуу кешенінің аумағында қазандықтың бір қабатты ғимаратында бу қазандығының ашылуы нәтижесінде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды, деп жазды @Pavlodarnews.kz. 

–Нәтижесінде 20 шаршы метр аумағында сыртқы қабырға құлады. Сонымен қатар жақын маңда тұрған жеңіл автокөліктер зақымданды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, – дейді департаменттің баспасөз орталығында.

Оқиға орнында ТЖД-ның 9 қызметкері, 4 құтқарушы жұмыс істеді, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығы және полиция департаментінің қызметкерлері болды.

Фотосуреттер әлеуметтік желіден алынды

Иранда жарылыс болды

Фото: report.az

Иранның Исфахан қаласының әуежайы маңынан жарылыс дауысы естілген, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат агенттігі.

FARS агенттігінің хабарлауынша, жарылыс халықаралық әуежай мен әуе күштерінің базасы орналасқан Кахьяверестан қаласында болған, деп жазады kaz.inform.kz.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, барлығы үш жарылыс орын алды.

FARS болжамды нысаналардың бірі әскери радар болғанын, жарылыстар салдарынан бірнеше кеңсе ғимаратының терезелері сынғанын мәлімдеді.

Тегеран мен басқа қалалардың үстінен ұшулар тоқтатылды.

Mehr агенттігі Тегеран, Исфахан және Ширазға, сондай-ақ елдің батысындағы, солтүстік-батысындағы және оңтүстік-батысындағы әуежайларға рейстердің тоқтатылғанын айтты.

CNN бұған дейін Иран әуе кеңістігінде болған сегіз ұшақ бағытынан ауытқығанын хабарлаған.

Әуе қорғанысы жүйелері Иранның бірнеше аймағында жұмыс істейді.

«Иранның әуе қорғанысы елдің бірнеше провинциясының аспанында іске қосылды», — деп хабарлады IRNA ақпарат агенттігі.