
Шымкентте әкімдік уәдені тағы ұмытты: халық 1 жыл жарықсыз отыр
Шымкент тұрғындары әкімдікке тағы да ашулы. Еңбекші ауданындағы Садық Оспанов көшесінде бір жылдан бері жарық шамы жанбай тұр. Жергілікті халық бұл мәселені талай рет көтергенімен, әкімдіктің уәдесі орындалмады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жауапты мекеме мен басқарма басшысы Әділет шамдарды қосамыз деп сендірген. Бірақ уақыт өтті, нәтиже жоқ. Қараңғылықта жүрген тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы….