Tag Archives: Жәнібек Әлімханұлы

Жәнібек Әлімханұлы үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізетін болды

Фото: instagram.com/zhanibek.alimhanuly

Қазақстандық WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы рингке қайта оралады. Ол WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен кездесіп, орта салмақта үш чемпиондық титулды біріктіру үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл туралы Top Rank промоутерлік компаниясы ресми түрде хабарлады.

Тарихи айқас 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында орналасқан «Frost Bank Center» аренасында өтеді. Бұл жекпе-жек Premier Boxing Champions ұйымдастыратын PPV кешінің соглавный (негізгімен қатар өтетін) кездесуі болмақ.

Кештің басты айқасында мексикалық Исаак Крус пен америкалық Ламонт Роуч күш сынасады.

Егер Жәнібек жеңіске жетсе, ол орта салмақтағы үш чемпиондық белбеуді қатар иеленіп, WBC нұсқасы бойынша титулды иемденген доминикандық Карлос Адамеске қарсы толық біріккен чемпиондық жекпе-жек өткізуге бір қадам жақындайды.

«Тарихта қалу»: Жәнібек Әлімханұлы тарихи жекпе жегінің алдында мәлімдеме жасады

Фото: twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жек алдындағы басты мақсатын бөлісті, деп хабарлайды  Qazaq Today ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол үш чемпиондық белдік үшін WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен күш сынаспақ. Бірнеше беделді ақпарат көздері келісімшарттың ресми түрде қол қойылғанын хабарлағанымен, жекпе-жектің ресми афишасы әлі жарияланған жоқ.

Әлімханұлы бар назарын өз миссиясына аударып отыр.

 

«Менің басты мақсатым – тарихта өз атымды қалдыру», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында, өзінің әсерлі нокауттарынан құралған бейнероликпен бөлісіп.

 

Айта кетсек, Лараны жеңген жағдайда қазақстандық боксшының жолы абсолютті әлем чемпионы, екінші орта салмақта өнер көрсететін Теренс Кроуфордпен түйісуі мүмкін. Екі спортшы да кәсіби рингте әлі жеңілмеген. Бұған дейін екеуі де өзара жекпе-жек өткізу ықтималдығын жасырмай, жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырған болатын.

Жәнібек Әлімханұлы жыл соңында 3 титулды біріктіруі мүмкін

Фото: @sports.kz

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) жыл соңына дейін WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) титулдарды біріктіру үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл оқиға 6 желтоқсанда АҚШ-та PBC ұйымының PPV шоуы аясында Айзек Круз – Ламонт Роуч-кіші арасындағы жекпе-жекпен бірге өтеді деп күтілуде. Қазақстан уақытымен бұл 7 желтоқсан таңғы уақытына сәйкес келеді.

– Менің басты мақсатым – Әлемнің абсолютті чемпионы атану! Маған атақ-даңқ, ақша маңызды емес. Мен тарихта қалғым келеді. Қазақстаннан шыққан тұңғыш абсолютті чемпион болуым керек. Бұл менің халқым үшін орасан зор мәнге ие! – деп жазды Әлімханұлы өзінің парақшасында.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін биыл 5 сәуірде Астанада өткізген. Ол кездесуде француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ал Эрисланди Лара өткен жылдың қыркүйегінен бері шаршы алаңға шыққан жоқ. Ол АҚШ боксшысы Дэнни Гарсияны (37-4, 21 KO) Лас-Вегаста мерзімінен бұрын жеңген еді.

Айта кетейік, әзірге қазақстандық былғары қолғап шеберінің командасы алдағы жекпе-жек жайлы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

«Бәріне еңбекпен жетуіміз керек»: Александр Усик Жәнібек Әлімханұлына ақылын айтты (ВИДЕО)

Фото: x.com/qazaqstyle

Желіде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы украиналық үздік боксшы Александр Усиктің ақылын айтып, жөн сілтеп жатқан видеосын жүктеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Усиктің айтуынша, барлық нәрсеге қажырлы еңбек арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ал қалғанының бәрі бекер.

«Ақша себеп қана, еңбек бастысы. Біз бәріне еңбекпен жетуіміз керек. Қанша еңбектенсек, уақытында күшімізді жұмсасақ нақты бір нәтижеге қол жеткіземіз. Біз үнемі жаттығуымыз мүмкін, көп күш жұмсауымыз мүмкін, бірақ нақты бір мақсат болмаса бәрі бекер. Бірақ біз көп жағдайда асығыстық жасаймыз. Ақырын жүріп, анық басуымыз керек. Әрнәрсе өз уақытында болады! Саған бұйыратын нәрсе 1 минутқа да кешікпейді!», — деді Усик.

Ал желі қолданушылары Жәнібек Әлімханұлының даңқты боксшы Усиктің ақылын тыңдап, кеңесін алғанына қуанып, жылы лебіздерін жаудырған.

«Қазақтарды әрқашан қолдап жүресіз Усик мырза, сізді қазақ елі қолдайды», «Усиктің жолын берсін Жәнібекке», «Жәнібек бауырым Алла жар болсын!», деп жазды көпшілік.

Александр Усик – аса ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы. Ол британиялық Тайсон Фьюриді (34-1-1, 24 КО) жеңіп, дивизиондағы барлық белбеудің басын біріктірді. Ал реванш биылғы қазан айында өтуі тиіс.

Ал Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы.

Жәнібек Әлімханұлының көптен күткен қарсыласы белгілі болды

Отандасымыздың доминикандық Карлос Адамеспен жұдырықтасатыны белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы уақытта тарихи маңызы бар айқас өткізеді. Ол WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеспен жұдырықтасып, чемпиондық атақтарды біріктіруді көздеп отыр. Бұл туралы Sports.kz басылымы жазды.
Испандық белгілі комментатор әрі тележүргізуші Фернандо Сабатини әлеуметтік желіде:

«Карлос Адамес маған Жәнібек Әлімханұлымен унификациялық жекпе-жек оның келесі айқасы болатынын айтты», – деп жазды.

Сондай-ақ, Сабатини қарсыластың өз сөзін келтірген:

«Біз ұзақ уақыт бойы келісімге келе алмай жүрдік, алайда бұл кездесу енді сөзсіз өтеді. Ұйымдастыру жұмыстары аяқталуға жақын. Келісімге қол жеткізуге аз қалды», – деді Адамес.

Қазіргі таңда айқастың өтетін күні мен орны ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен инсайдерлердің пікірінше, бұл кездесу екі чемпионның да келесі жекпе-жегі болатыны анық.

Айта кетейік, жақында Жәнібек Әлімханұлы өзі де жанкүйерлеріне көптен күткен орта салмақтағы үлкен айқасты жақын арада ресми түрде жариялайтынын жеткізген болатын. Бірақ қарсыласын сол кезде ашып айтпай, құпия сақтап қалған еді.