Танымал актер Жахан Отарғалиев есімін айтудан ұялатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Өнер иесі бала күнінде танысқан адамдардың күлкісіне қалған.
“10-11 сынып оқып жүргенде ауылдарға волейболдан жарысқа баратынбыз. Сол кезде қыздармен танысамыз. Жахан десем: “Не дейді, шалдың аты сияқты” деп күлетін. Содан бері атымнан ұялдым. Ешкімге айтқым келмейтін. Үш жыл қиналдым. Мен үшін ауыр комплекс болған”, – деді актер.
Кино жұлдызының сөзінше, бүгінде атағы шыққан актерге айналғанын мақтанышпен айтатын көрінеді.
“Есен Елеукен – өнердегі әкем. “Қазір атыңа жұмыс істе, кейін атың саған жұмыс істейді” дейтін. Сол рас екен. Киноларымның арқасында атым таныла бастады. Бәрі мені Жахан деп таниды. Соған қуанамын. Демек, сен жаман деп ойлаған істе сен үшін үлкен хайыр бар екен. Ол негатив те позитив те болуы әбден мүмкін”, – деп жазды кино жұлдызы.
Белгілі әзілкеш әрі вайнер Жахан Отарғалиев әлемдік кинотуындыда басты рөлді сомдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Instagram парақшасында ол өзіне сенбегендер көп болғанын атап өтті:
– «Ей, сен тамада емессің бе? Сен актер бола алмайсың» дегендер болды. Бірақ осы уақытқа дейін 10 киноға түсіп, соның үшеуін өзім түсірдім», – деді ол.
Отарғалиев оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті:
– «Мен әлемдік киноның басты рөліне өттім. Құттықтап қойсаңыздар болады», – деп жазды әзілкеш.
Сонымен қатар ол өз өмірін мысалға алып, ешқашан үміт үзбеуге шақырды:
– «Сол себептен дәл қазір сізге біреу сенбей жатса, ол ештеңені білдірмейді. Ең бастысы – үміт үзбеңіздер», – деп түйіндеді өнер иесі.
Блогер, актер, продюсер Жахан Отарғалиев 9 жылдан кейін әке атанғалы жатқан досына қатты қъуанғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Бірер күн бұрын блогер Елдос Кадирханов 9 жыл күткен сәбиінің жақын арада өмірге келетінін айтып, елден сүйінші сұраған еді. Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында блогерді құттықтап, өзінің де 16 жылдан бері бір балаға зар болып жүргенін жасырмады. Сондай-ақ, ол Алладан үмітін үзбейтінін де айтты.
”Колобок үшін қуаныштымын. Видеосын бәріміз көрдік, жыладық. Қандай керемет сезім. Енді үмітімізді үзбейміз, Алла нәсіп етсе. 16 жыл күттік, тағы да сәл шыдаймыз. Алла береді ғой. Мен Елдос бауырым үшін қуаныштымын. Үнемі бір бірімізге қолдау көрсететінбіз. Алланың берері көп болсын. Колобокке қызығып, менде де болса екен деп гендер патидің идесын жазып тастадым. Дәл қазір баласы бар жандар, шүкір қылайық. Өмірде отбасыдан артық не бар?! Ақша, байлық келеді, кетеді. Мәселесі жоқ адам жоқ. Маған да көп адам жазып жатыр. Сені танымайтын, бірақ сен үшін дұға жасайтын жандардың барына Аллаға шүкір. Алла қаласа, бізде де жаңалық болады. Мен сенемін Аллаға”, — дейді ол.
Белгілі блогер, шоумен Жахан Отарғалиев келіншегіне үй сыйлады, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы.
Блогер тосыннан келіншегіне үйдің кілтін сыйлап, қуантып қойды.
«Бұйырса, біздің баламыз болады деген күнге жетейік. Сен барлық жерде маған қолдау бердің. Сол үшін көптен көп рахмет. Алла разы болсын. Біздің енді өзіміздің үйіміз бар», — деді блогер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында.