Қырғызстанда мешіттер пен медреселер жабылуда
Қырғызстанның Ош облысында діни білім берудің бірыңғай стандарты болмағаны үшін 39 мешіт пен 21 медресе жабылды. Сонымен бірге діни орындар құрылыс-сәулет талаптарына сәйкес келмегені үшін де қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq-uni-не сілтеме жасап. Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, Ош облысында 39 мешітке айыппұл салынып, христиандық бағыттағы 18 діни нысанның қызметі тексерілген. …