Tag Archives: заңсыздық

«Қоршаған ортаға зиян келіп жатыр»: Жаңа адамдар Астанадағы заңсыз қоқыс төгетін орындарды анықтады (ВИДЕО)

Астанада Жаңа адамдар Ұлы Дала даңғылындағы «Айва» тұрғын үй кешені маңында заңсыз құрылыс және тұрмыстық қалдықтар тасталатын қоқыс алаңын анықтады. Күн сайын ондаған жүк көлігі қоқыс төгіп, ауданның экологиясы мен тұрғындарының денсаулығына үлкен қауіп төндіруде. Бастапқыда бизнес-орталық салуға арналған бұл аумақ іс жүзінде қоқыс алаңына айналған. Сарапшылар бұл қоқыс төгудің заңсыз екенін және қоршаған ортаға орны толмас зиян келтіруі мүмкін екенін растап отыр.

Жаңа адамдардың «AntiTrash» азаматтық науқанының белсенділері бұл жағдайға жауапты тұлғалар мен қоқыс алаңындағы жұмысшылардан жауап алуға тырысты, алайда жауап орнына балағаттау мен агрессияға тап болды. Сонымен қатар, бұл жерге басқа құрылыс нысандарынан да қоқыс жеткізілетіні анықталды, бұл заңсыз қалдықтарды төгудің тұтас жүйесі бар екенін дәлелдейді. Бұл жағдай қаншалықты ушығуы мүмкін?

Жаңа адамдар құрылыс алаңдарынан қалдықтар осы заңсыз қоқыс үйіндісіне жеткізілетін Wien Deluxe және BI Group құрылыс компанияларын өз мердігерлерінің қызметін мұқият тексеруге шақырады. Сондай-ақ, Есіл ауданы әкімінің орынбасары Нүгербеков Мадияр Жұмабайұлына жолдау жасап, бұл іске араласып, шұғыл шара қабылдауын өтінді.

«AntiTrash» азаматтық науқанының белсенділері астаналықтарды шетте қалмауға шақырады: заңбұзушылықтарды анықтап, заңсыз қоқыс тастаудың алдын алып, биліктен нақты шешімдер талап етіңіздер. Астананың тазалығы – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз!

Депутат Нартай Сәрсенғалиев екі облыста 15 адамның «у» ішіп, көз жұмғанын айтты

Ішімдіктің бұл түрі Астанадағы сөрелердің өзінде самсап тұр.

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев қолдан жасалған алкогольді сатуға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Тажалдың атауы – суррогатты алкоголь, ел арасында самопал деп жатады. Алысқа бармай-ақ аттап бассаң табылады, аймақ емес Астанадағы сөрелердің өзінде самсап тұр. Ішімдікті ішкендердің өзі кінәлі деп қолды бір сілтеуге болар еді, бірақ жертөледе жасалған, тұтынғанды табытқа тастайтын у-дан отандастарымызды құтқару үшін әрекет қылмау жауапсыздық. Біз мұнда алкогольдің акцизін көтеріп ішімдікті қол жетпестей қымбат қыламыз деп күресіп жүргенде заңсыз жасалған алкоголь сататындар дүкен біткенді у-мен толтырып, содан қисапсыз ақша табуда. Бағасы арзан ол у-дың. «Ішін арақ жайлаған адам сүтті де үрлеп ішеді», қолдан жасалған алкогольді бір жұтқан адам оның тұзағына түседі», — деді ол депутаттық сауалында.

Сөзінше, қылмыстық жолмен алкоголь дайындағандар техникалық спиртке метанол қосады. Салдарынын адамдар соқыр болып қалады, ақылынан алжасады, артынша тәуелді болады, дейді Нартай Аралбайұлы.

«Кейде алкогольден ажырай алмайтындарға техникалық спирт күйінде сатып жіберсе, ол адам тірі қалмайды. Қазақстанда бұл сұмдық белең алып барады, қаңтарда Шымкентте қолдан жасалған алкоголь дайындаған цех анықталды. 3 жылдан бер ерлі-зайыптылар халықты улап келген. Бүгінге дейін 309 миллион теңге табыс тапқан. Қымбат көлік пен қымбат үйде шалқып жүргендердің 3 жылда мыңдаған адамды улап бітті. Тексеру кезінде цехтан 24 мың жалған акциз, 9 мың литр этил спирті табылған. Анығы, қолдан жасалған алкоголь сататындар миллиондарды қалтасына басып шалқып жүр.
Алкогольды қылмыстық жолмен дайындап сату бұрыннан бар сұмдық, одан 2021 жылы бір ғана Шымкентте 240 адам уланып көз жұмған. 2020 жылы Қостанай мен Ақмола облыстарында алкогольге уланып 2 күнде 15 адам қайтыс болды. Арада жылдар өтсе де аталған адам өлтіретін заңсыз бизнестің өскені болмаса өшкен жоқ», — деді мәжілісмен.

Депутат келтірген статистикаға сүйенсек, Астана қаласының өзінен бір жылда қолдан жасалған алкоголь сатқан 200 дүкен анықталған.

«Олар күніне орта есеппен 30 литр заңсыз алкоголь сатқан, мұныңыз 60 бөтелке. Бағасын 600 теңге деп қойыпты. Қарапайым математикаға салсақ, 200 дүкен қолдан жасалған алкогольден күніне 7 200 000 теңге, жылына 2,6 млрд теңге табыс тауып отыр. Салдары сұмдық, 1 дүкен айына 900 литр заңсыз жасалған алкогольді азаматтарымызға сатып улаған. Осы уды аймақ түгілі Астанада сатқандар жазадан жеңіл құтылады. Белсенді жастар үлкен мәселені ортаға салды, суррогатты, яки қолдан жасалған алкогольді тауып полиция шақырса олар дүкен иесіне әкімшілік кодекстің 200-бабы бойынша хаттама толтырып, адам улағандар 39 мың теңге айыппұлмен құтылады екен», — делінген депутаттық сауалда.

Нартай Аралбайұлы заңсыз жасалған алкоголь кәсіпкер ретінде жауапқа тартуды ұсынды.

Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматқа көлік тұрағы үшін заңсыз айыппұл салынған

Фото: krd.ru

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматыдағы өкіліне 2-топ мүгедектігі бар арызданушы хабарласты. Оның айтуынша, ақылы автотұрақ оның үйінің жанындағы, кіреберістегі аумақта орналасқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өтініш беруші денсаулығы бойынша ерекше қажеттіліктері бар адам болғандықтан, ол өз көлігін кіреберістің жанына қоюға мәжбүр, бірақ видеобот оған тұрақ ақысын төлемегені үшін автоматты түрде айыппұл салған. Оған қатысты барлығы 8 әкімшілік хаттама толтырылған.

Уәкіл өкілінің бастамасымен бұл мәселе әкімдік пен «Алматы паркинг» компаниясының қатысуымен өткен жиында талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша әкімшілік өкілдері мәселені 3-тоқсанның соңына дейін шешіп, ғимарат тұрғындары үшін көлік тұрағын тегін етуге уәде берді.

Сондай-ақ Алматы қалалық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасына арызданушының құқық бұзушылықтарын жою туралы хат жолданып, ол атқарушылық өндірістің күшін жою туралы ЖСО Республикалық палатасында да қаралды.

Қазіргі уақытта арызданушыға қатысты барлық ұйғарымдардың күші толығымен жойылып, атқарушылық іс-әрекеттер аясында бұрын өндіріп алынған сома өз шотына қайтарылды.

Мектеп директоры ұлын жұмысқа заңсыз орналастырғаны үшін сотталды

Алматы облысындағы мектеп директоры қызмет бабын пайдаланып сеніп тапсырылған мүлікті ұрлағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушы 2022 жылғы тамызда Балқаш ауданындағы мектептердің бірінің директоры бола тұра ұлын осы мекемеге лаборант ретінде жалған жұмысқа орналастырған. Оның әрекеті нәтижесінде мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 902 мың теңге материалдық шығын келтірілген.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

Сот істің барлық мән-жайын зерделей келе, сотталушыны өзіне айыпталған әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп танып, ұрланған мүліктің 10 еселенген сомасында, яғни 9 миллион теңге айыппұл салды, сондай-ақ, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару немесе белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру туралы шешім қабылдады.

Сотталған адам айыппұлды үкім заңды күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірмей төлеуге міндетті. Айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе, айыппұл түріндегі жаза бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.

Фото: Pixabay

Жетісуда аудан әкімі 120 гектар жерді заңсыз беріп жіберген

Фото: Pixabay

Жетісу облысы Ескелді ауданының әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Дереккөзіне сүйенсек, бұл әкім шаруа қожалығын конкурсқа қатыстырмай-ақ оған 120 гектар жер беріп жіберген. Яғни, Жер кодексінің 14-1,35 және 43-1-баптарын бұзған.

«Қадағалау актісі бойынша бұл жерлер мемлекетке қайтарылды. Жалпы, жыл басынан бері Жетісу прокурорлары кадастрлық құны жарты миллиард теңгеден асатын 103 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарды», — деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.

Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген, мақсатты түрде пайдаға жаратылмаған. Сонымен қатар, біреулерге жер заңнамасын бұза отырып берілген.