Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Гүлеркем Ниязқұлова заңсыз лоторея ойнатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандарының арасында ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті.
“Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан. Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған”, – делінген хабарламада.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан. Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 млн теңгеден асқаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Цифрлық даму министрлігі абоненттік ұялы байланыс құралдарын тіркеу қағидаларына түзетулер енгізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Елімізде жалған телефондарды “сұр” импортпен жеткізілу белең алды. Сондай-ақ олардың IMEI-коды қайталанады. Қазір Қазақстандағы ұялы байланыс компанияларының желілерінде IMEI кодтары қайталанатын 3,7 миллионға жуық абоненттік құрылғы жұмыс істейді. Бұл ретте мемлекетке жоғалуы мүмкін салықтар мен төлемдер түріндегі тікелей шығын жылына 100 миллиард теңгеден асады. Осыған байланысты басқа да салықтардың төленбеуін (ҚҚС, КТС, СН және т.б.) есепке алғанда, мемлекетке 150 млрд теңге шығын келді.
Сонымен қатар, IMEI кодтары қайталанатындықтан ол құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздеу және бұғаттау бойынша жедел жұмыстарды тиімді жүргізуге кедергі келтіреді.
Қазақстанда ұялы телефондардың үш тізімін енгізу ұсынылады: ақ, сұр және қара.
Бұл механизм:
заңсыз әкелінген құрылғыларды 100% бұғаттауға;
кедендік және салықтық төлемдерден түсетін мемлекет кірістерін ұлғайтуға;
клондалған және жалған құрылғыларды 99%-ға азайтуға;
мобильді құрылғыларды ұрлау, жеке басын куәландыру сияқты алаяқтықпен байланысты қылмыстарды азайтуға;
реттелетін және бақыланатын электроника нарығы арқылы халықаралық инвестицияларды ұлғайтуға, сондай-ақ әділ бәсекеге қабілетті бизнес үшін жағдай жасауға мүмкіндік бермек.
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Капиталды заңсыз әкетудің алдын алу мақсатында валюталық реттеуді жүзеге асыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді,деп хабарлайдыQazaq.today ақпарат порталы.
«Қазақстаннан жыл сайын шамамен 16,7 млрд доллар заңсыз шығарылады. 148 елдің рейтингінде біздің еліміз 11-ші орында тұр. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты бар екенін бәріміз білеміз. Қазақстан көмірсутегі мен металдардың экспортына өте тәуелді болып отыр. Яғни, біздің экспортымыздың негізі – жер қойнауынан алынған қазбалар, ол түпкілікті өнім емес. Тиісінше, пайдалы қазбаларды экспорттау есебінен тікелей немесе жанама түрде алынған капиталды шетелге заңсыз шығару деректері қоғамға өте ауыр тиеді және мұқият бақылауда болады. Осылайша, бұл проблема экономика аясынан шығып, әлеуметтік және саяси сипатқа ие болады», — деді Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов.
Сенатор Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шетелге заңсыз қаржы шығару проблемасына ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін арнайы мекемеаралық комиссия құрылған болатын. Сонымен қатар, тиісті заңнамалық өзгерістер қабылданды, оның ішінде валюталық реттеу жөнінде де өзгерістер бар.
Жамбыл облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.
«2024 жылғы 28 наурыз бен 10 сәуір аралығында Жамбыл облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекеті барысында белгіленген өткізу пункттерін айналып өтпек болған 17 шетел азаматын ұстады», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Бұл адамдардың заңсыз әрекеттері олардың шекарадан өту құқығына шектеулердің қойылуымен байланысты болып отыр. Сотқа дейінгі тергеп-текесерулер жүргізіліп жатыр.
Алматы қаласы прокуратурасы 1997 жылы жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатқанын анықтаған.
«Сол жылы 62 000 теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған. Университет ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштеріне жатады, ал жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі — «Ескі қақпа» орналасқан. Кейіннен оқу корпусының ғимаратында «Ескі қақпа» атты мейрамхана ойын-сауық мекемесі – ұйымдастырылған», – делінген хабарламада.
Медеу ауданының прокуратурасы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің күшін жою туралы сотқа шағым түсірген. Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мүлік қайтарылды, шешім заңды күшіне енді.