Tag Archives: Заманбек Нұрқаділов

«Зәкеңмен жақын емес едім»: Мақпал Жүнісова басынан өткен оқиғасын есіне алды

Фото: видеодан скрин

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесі 1991 жылы түсірілген видеоны бөлісті. Ол жерде Асқар Тоқпанов әншіге ақжол тілеп, бата берген. Сөзінше, тұрмысқа шығып, ұл мен қыз туып ал деген. Алайда халық әртісі ол кезде бойдақ екенін айтты.

 

“Зәкеңмен бұл кезде жақын емес едік. Көмекшілерінен гүл мен хат беріп жіберетін. 1991 жылы мамыр айында бәрінен аман едім. 1991 жылы қарашада Горисполкомның саяжайында қамауға алындым”, – деп жазды әнші.

 

Желі қолданушылары әртіске ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.

 

“Қандай ғажап! Қазақтың бата дарыған аяулы қызы жасай берсін”, “Жүректен шыққан ақ бата қабыл болсын! Асқар атамыздың жаны жәннатта болсын!”, “Мақпалға қазақ өнерінің майталмандары кезінде лайықты бағасын берген екен”,  “Асқар Тоқпанов аңыз адам ғой. Алла Мейіріміне алсын! Мақпал апай қазақтың кіл жақсысынан жоғары баға алған бақытты әншісіз! Алла Сізге ұзақ өмір берсін!”, – деп жазды көпшілік.

 

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов екеуінің отбасылық құпиясын бөлісті

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Танымал әнші Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовті есіне алып, отбасылық видеоларын бөлісті. Өнер иесі жеке парақшасына осыдан 20 жыл бұрынғы сәттерін көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

“Топырағыңыз торқа болсын! Қайтып келмес күндерді қарап, бір күліп, бір жылап, өтіп жатқан өмір. Құсымызға дейін ән салатын еді. Атын Айша деп қойғанбыз. 10 жыл ғана өмір сүрді. Зәкеңнің алдында екі ай бұрын ғана суық тиіп өліп қалды. Мені Зәкеңнен қызғанатын. Зәкең жұмысқа кеткен бойда маған ұшып келіп, “Макуша, жақсысың сен” жейтін. Мен Қытайға концертке кеткенде құсты үйдегі қыздар шомылдырып, торын дұрыс жаппаған. Содан суық тиді. Өзім болғанда екі сағатқа торын көрпемен орап тастаушы едім. Қазақша ән салады. “Сен қайда жүрсің?” деген әнді үйреткен едім. Оны түсірген видеоны өшіріп алдым. Зәкеңнің құсына дейін ақылды еді”, – деп жазды халық әртісі.

Әншінің оқырманы марқұм саясаткерді естеріне алып, жақсы адам екенін жарыса жазып жатыр.

“Зәкең батыр адам еді”, “Қандай керемет сәттер”, “Мұндай алып тұлға 100 жылда бір туатын шығар”, “Мақпалдың жаралы жанын кім емдейді?!”, “Алла марқұмның білмей істеген күнәларын кешірсін”, “Қабірі жарық болсын”, “Қазақтың маңдайына сыймай кеткен тұлға еді. Арыстандай азамат халық жадында мәңгі сақталады”, – деп жазды көпшілік.

 

Елімізде көзі тірі тұлғаларға ескерткіш қоюға рұқсат етілді

Қазақстанда ел тәуелсіздігін нығайтуға, тарихи оқиғаларды жүзеге асыруға ерекше үлес қосқан көрнекті тұлғаларға ескерткіш орнату тәртібіне жаңа өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлады.

«Монументалды өнер құрылымдарын құру қағидаларын бекіту туралы» Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі №103 бұйрығына енгізілген түзетулерге сәйкес, енді көзі тірісінде еліміз үшін сүбелі еңбегі сіңген тұлғаларға ескерткіш орнатуға рұқсат етіледі.

Ережеге енгізілген жаңа өзгерістер

Өзгеріске дейін тарихи тұлғаларға, ерлік пен батырлық көрсеткен азаматтарға ескерткіш орнату үшін, әдетте, қайтыс болған күнінен бастап бес жыл өтуі тиіс еді. Ал жаңа ереже бойынша, елдің тәуелсіздігін нығайтуға айрықша үлес қосқан көрнекті тұлғаларға мұндай құрмет көзі тірісінде де көрсетілетін болады.

Ескерткіштерді орнату келесідей талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:

  • Құрылысты жергілікті әкімдіктер бюджеттік немесе бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырады.
  • Монумент белгілі бір тарихи тұлғаның мерейтойына немесе айтулы оқиғаларға орайластырылады.
  • Тұлғаның есімі Республикалық ономастикалық комиссия бекіткен тарихи тұлғалар тізіміне енгізілуі тиіс.
  • Бір елді мекенде бір ғана тұлғаға немесе оқиғаға қатысты бір ғана ескерткіш орнатуға рұқсат беріледі.

Тарихи әділдік пен ұрпаққа үлгі

Бұл өзгерістердің мақсаты – тарихи әділдікті қалпына келтіру және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында ерекше рөл атқарған азаматтарды құрметтеу. Елдің дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген тұлғаларды ұлықтау арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру көзделген.

Мысалы, бұған дейін Алматы облысында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіш-бюсті орнатылған болатын. Бұл жағдай жергілікті халық тарапынан оң бағаланып, ескерткіштің тарихи-мәдени маңыздылығын көрсетті.

Тұлғаларға құрмет – елдіктің белгісі

Ескерткіштер – ел тарихы мен мәдениетінің айнасы. Әрбір монумент мемлекет үшін маңызды оқиға немесе тұлғаның еңбегін халық жадында мәңгі сақтауға мүмкіндік береді. Еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлесі үшін көрнекті тұлғаларға көзі тірісінде ескерткіш орнату – олардың халық арасындағы беделін арттырып қана қоймай, жас ұрпақтың бойында елге деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастырады.

Жаңа қаулының қабылдануы – мемлекеттің елдік мұрат жолында еңбек еткен азаматтарға деген құрметінің айқын дәлелі.