Tag Archives: Вьетнам

Вьетнамда су тасқыны мен көшкін салдарынан 10 адам қаза тапты

Фото: Anadolu Agency

Вьетнамның орталық аймақтарында толассыз жауған нөсер жаңбырдан болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жергілікті биліктің мәліметінше, портты Дананг қаласында су тасқыны салдарынан 6 адам көз жұмып, 19 адам жарақат алған. Мыңдаған үй мен ауыл шаруашылығы алқаптары, сондай-ақ үй жануарлары табиғи апаттан зардап шекті.

Хюэ қаласында су тасқыны салдарынан бір адам қаза тауып, бес жасар қыз бала із-түзсіз жоғалғандар қатарында тұр.

Куангнгай провинциясында 120-дан астам көшкін тіркеліп, олардың салдарынан кемінде 3 адам қаза тапты.

Су тасқыны мен көшкін бірнеше автожолдың жабылуына себеп болды, ондаған адам көлігінің ішінде қалып қойған.

Вьетнамның метеорологиялық басқармасының мәліметінше, Хюэ қаласында соңғы 24 сағат ішінде жауын-шашын мөлшері рекордтық деңгейге жеткен.

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енген ежелгі Хойан қаласында су деңгейі күрт көтеріліп, туристерді қайықпен эвакуациялауға тура келген.

Сонымен қатар қатты жауған жаңбыр салдарынан астана Ханой мен Хошимин қаласы арасындағы теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды. Бұл мыңдаған жолаушының жол жүру жоспарына кері әсерін тигізді.

Астанадан Вьетнамға шыққан ұшақ елордаға қайта қонуға мәжбүр болды

Фото: Vietjetair

Жексенбі, 24 тамыз күні Астанадан Нячангқа ұшып шыққан VietJet Air ұшағы елордаға қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Әуе кемесінің аэродромға қайта оралуы туралы шешімді жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігіне және авиациялық тәртіпке сәйкес, экипаж командирі қабылдады», – делінген хабарламада.

Ұшақта Астана әуежайында қабылдау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды.

Ұшақ жерге штаттық режимде қонды.

Тоқаев Вьетнамның жаңадан сайланған Президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламға Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Вьетнам Президентінің алдағы барлық бастамасына табыс, ал достас вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

«Сіз осы лауазымда қызмет еткен кезеңде ғажап еліңіз одан әрі гүлденіп, үйлесімді және орнықты қоғам құру жолында тұрақты дами беретініне сенімдімін. Қазақстан мен Вьетнамды өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынастар байланыстырады. Елдеріміздің мүддесі жолындағы көпқырлы ықпалдастықты өркендету үшін жаңа мүмкіндіктерді Сізбен бірлесіп пайдалануға дайынмын», – деп жазылған жеделхатта.