Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы Қызылордада өтеді

Фото: ortcom.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысын Қызылордада өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. — Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр….

Толық оқу

Тоқаев елде қосылған құн салығын көтеруге қатысты пікір білдірді

Бурабайда Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтіп жатыр. Пленарлық отырыста мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесіндегі реформаға тоқталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Тоқаев бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндетін толық атқара алмайды, әлеуметтік міндеттемелер де орындалмайды дейді. “Еліміз үшін аса қажет шаралардың мән-маңызын халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру керек. Жұрттың бәрі экономист немесе қаржыгер емес. Мемлекеттің қандай…

Толық оқу

Президент: Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Ең алдымен бүгін Амал күні баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Қыстан аман-есен шығып, ағайын-бауырмен көрісу – ежелден келе жатқан ата дәстүріміз. Бұл күн – Әз-Наурыздың бастауы. Еліміздің төл мерекесі биыл да қасиетті Ораза айына орайлас келіп отыр. Қастерлі…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды

Бурабайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлейді. Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады. Айта кету керек, құрылтайдың панельдік сессиялары кеше басталған. Ол секциялардың тақырыптары азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қамтыды.

Толық оқу

Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді

Фото: Ақорда Президент жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оларға Ұлттық құрылтай жұмысына белсенді атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Оразаға тұспа-тұс келген биылғы жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Барша мұсылман қауымы Рамазан айын асыға күтеді, осы қасиетті айда ең асыл…

Толық оқу