Tag Archives: Украина

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

Коллаж: Ulysmedia

Американың Путин билігіне қысым жасауы жаңа деңгейде жүріп жатыр. АҚШ пен НАТО басшылары Украинаға
«Tomahawk» зымырандарын беру жайлы сөз қозғауы әлем саясаткерлерінің қызу талқысына түсіп жатыр. Бірі Украина осы арқылы жауларын жеңеді десе, енді бірі бұл қақтығысты ушықтырады деп санайды. Зымыран Еуразия кеңістігін атқыласа, ол Украинаға расымен жеңіс әкеле ме? Әбден ашулы Украина әскері Мәскеуді ғана Американың зымырандармен соққының астына ала ма? Алыс қашықтыққа ұшатын жойғыш зымырандар Қазақстанға қагшалықты жақын жарылуы мүмкін? Саяси шиеленістің жаңа деңгейіне Qazaq Today агенттігі жауап іздеп көрді.

Сананы тұмшалар саяси сұрақтаоеа сарапшылар пікір білдірді.«Tomahawk» зымырандарын АҚШ өздерінің жақтасы Украинаға беру туралы нақты шешім қабылдаған жоқ.

«АҚШ шешімді қабылдау стадиясында және АҚШ билігі ол қаруды бергеннің өзінде Украина Мәскеуге соққы жасамайды. Себебі, бұл қақтығысты ушықтырады да, қос тараптың қақтығысын күшейтеді. Одан бөлек америка қаруды бергеннің өзінде, оның қолдану аясына қосымша нұсқау береді. Яғни, мына зымырандарды бергеннің өзінде Украинаға атқылауға болатын және атқылауға болмайтын нысандарды нақты көрсетеді. Атуға болмайтын нысандардың ішінде Мәскеудің болатыны анық. Себебі, АҚШ бұл қару соғысты реттеуге емес, керісінше жағдайды ушықтыруы ықтимал деп санайды. Сол себепті, алыс қашықтыққа соққы жасайтын зымырандарға батыс тарапынан тиым салынады», — деді саясаттанушы Асхат Қасенғали.

Оның сыртында бұл зымыранды Украина өз бетінше қолдана алмайды, сөзсіз жеткізуші тераптың техникалық қолдауы да керек. Әрі аса сақ батыстық барлаушылар мен нұсқаушылардың бақылауында болады. Қазіргі уақытта «Tomahawk» зымырандары кемелер мен сүңгуір қайықтар арқылы тасымалданады.

«Бірақ Украинаға құрлық үсті арқылы атқыланатын типтері берілуі ықтимал. Оның саны америкада төрт мыңға жуық, ал АҚШ оның аз мөлшерін бергенмен, бұл қару майдан даласының толық өзгеруіне бетбұрыс жасауы екіталай. Алайда, Ресей аумағында орналасқан әскери өндіріс кешендерін соққылауға жеткілікті болуы мүмкін. Соның ішінде Татарстанда орналасқан «Шаһид» дрондарын құрастырушы экономикалық аймаққа соққы жасалалы. Бұл Украина үшін маңызды нысанның бірі саналады. Аталған дрондар Украина әуе қорғаныс жүйесіне өте үлкен салмақ салуда. Қарудың санына байланысты Украина мұнай тасымалдаушы Ресейдің порттарына, әскери өндіріс кешендеріне шабуыл жасай бастауы ықтимал. Дегенмен Америка соғыс даласында толық өзгеріс жасайтындай зымыран қаруларын бермейді. Бұл тек Ресейді келіссөзге отырғызуға қарастырылған әдістің бірі деп санау керек. Украина алыс қашықтыққа соққы жасайтын қаруларын жасауға өздері де мүдделі», — деді саясаткер.

Бұл жағдайға алдымен әдеттегідей Лукашенко байбалам салып, Украинаға АҚШ-тың қару беруіне шүйліккен еді.
Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинаға америкалық «Tomahawk» зымырандарын беру мәселесіне қатысты қатқыл мәлімдеме жасап үлгерді. Путиншіл
президент мұндай қадамның әлемдік деңгейдегі ядролық қақтығысқа себеп болуы мүмкін екенін айтты.

«Ешқандай да Tomahawk-ты беруге болмайды. Бұл жағдайды ушықтырып, арты ядролық соғысқа ұласады. Мұны Дональд Трамп жақсы түсінеді деп ойлаймын. Ал Зеленский оны алып Ресейдің аумағын атқыламақ», — деді Лукашенко.

Егер зымыран беріле қалғанның өзінде оның жеткізілуі мен қолдану уақыты жуық арада іске аса қоймайды. Украина тақырыбын жиі талқылаушы тағы бір саясаткердің сөзінше, Американың мәлімдемесі Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне «тарту» болды. Ол жуырда 73-ке толды.

«Ресей билігін экс-президент Борис Ельциннен мұраға алған Путин (1999 жыл) содан бері тізгінді ешкімге берген жоқ. 2008-2012 жылдар аралығында президенттік креслоны досы Дмитрий Медведевке уақытша тапсырғанымен, іс жүзінде билікті уысынан шығарған жоқ. Өзі Ресей Үкіметін тізгіндеді. Путин-Медведев тандемі кезінде жаһандық саясатқа «премьерзидент» деген бейресми термин сол кезде енген.

Дәл кеше АҚШ президенті Трамптың «Tomahawk» зымырандарын Украинаға беру туралы сөз қозғауы – Путиннің туған күніне керемет сыйлық болды», — деді Нұргелді Әбдіғани.

Трамп Украинаға «Tomahawk» зымыранын беру туралы шешім алдында тұрғанын. Алдымен ол зымыранды қолдану бойынша Украинаға қоятын сұрақтары бар екенін, қақтығысты ушықтырғысы келмейтінін айтты. Ал ISW (Соғысты зерттеу иниституты — ред) Украинаға «Tomahawk» берілетін болса, Ресейдің 2 мың нысанына қатер төнетінін санап үлгерген еді. Бұл жағдай жер жаһанды тағы да қанға бөктіреді.

«ISW сарапшылары «Tomahawk» зымыранының жою радиусына Ресейдегі 2 мыңға жуық әскери-өндірістік нысан кіретінін, соның ішінде «Шаһед» соққылаушы дрондарын жасап шығаратын Алабұғадағы (Татарстан) зауыт пен Энгельстегі бомбалаушы ұшақтар тұрған стратегиялық әуе базасы да кіретінін айтады.

«Tomahawk» зымыранының 1600 шақырымға жететін нұсқасы – Ресейдегі 1655 нысанға қауіп төндіреді. Ал 2500 шақырымға жететін түрі – Ресейдегі 1945 әскери өндірістік нысанға шекелей қауіп төндіреді», — деді ол.

Зымыран беріле қалған жағдайда, оның жарылу радиусы Татарстан аумағы болмақ. Ал ол қазақ елінен алыс емес. Дегенмен бұндай болжамның іске асуы неғайбыл.

Держава деңгейіндегі Америка қандай қарудың түрін берсе де текетірес тоқтмайды, соғыс созыла береді. Батыс қанша қару жібергенмен әскери қару—жарақ қоры мен солдаты көп Путин билігі құрбандардың көбейгеніне қарамастан соғыстан бас тартпайды. Соғысты тоқтату тек бейбіт келісімге келумен ғана іске аспақ.

Украина дрондары Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарын атқылады

Фото: fed.az

28 тамызға қараған түні Украина қарулы күштерінің дрондары Ресейдің екі ірі мұнай өңдеу зауытына соққы жасады, деп хабарлайды Qazaq Today сайты DW-сілтеме жасап.

Нысаналар қатарында Краснодар өлкесіндегі Афипск МӨЗ-і және Самара маңындағы Куйбышев МӨЗ-і болды. Бұл туралы Украинаның Ұшқышсыз жүйелер күштерінің қолбасшысы Роберт Бровди хабарлады.

Украина Қарулы күштері Бас штабының дерегінше, Афипск МӨЗ-іне Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының бөлімшелері қатысқан. Ал Куйбышев МӨЗ-іне дрондар шабуылына қосымша Украина арнайы операциялар күштері тартылған.

Краснодар өлкесінің жедел штабының ақпаратына сәйкес, дрон қалдықтарының құлауынан зауыттағы бір қондырғы өртенген. Өрт аумағы шамамен 20 шаршы метрді құрады.

Украина мен Ресей делегациялары Түркияда қайта бас қосады

Фото: Pixabay

Украина мен Ресей делегацияларының келесі кездесуі 23 шілдеде Түркияда өтеді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Зеленский Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеровтың сөзіне сілтеме жасады.

«Бүгін мен Рустем Умеровпен тұтқындар алмасуға дайындық пен Түркияда Ресей тарапымен болатын тағы бір кездесу туралы сөйлестім. Умеров кездесудің сәрсенбі күнге жоспарланғанын айтты. Толық ақпарат ертең белгілі болады», – деді Зеленский кешкі бейнеүндеуінде.

Бұған дейін ол Рустем Умеровтың осы аптада Ыстанбұлда жаңа келіссөз раундын өткізу туралы ұсыныс жасағанын айтты.

Айта кету керек, бұған дейін Зеленский Ресейден 7 млрд доллар өндіріп алуға ниетті екенін жазған едік.

«Украинаға ғана емес, әлемге қауіп төніп тұр» – Ресми мәлімдеме

Ресей соғыс барысында химиялық қару қолданған болуы мүмкін. Осыған байланысты Украина Гаагадағы Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға (OPCW) жүгініп отыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы inbusiness.kz-ке сілтеп. 

APA басылымы жазғандай, Киев бұл мәселені қарастыру үшін ұйымға ресми түрде өтініш жолдаған. Әрі Украина бұл мәселеге қатысты халықаралық ұйымдар мен мемлекеттерді үнсіз қалмауға шақырады, халықаралық нормалар мен адам құқығын қорғауға бағытталған нақты әрекет күтеді.

– Бұл – жалғыз Украинаға емес, барлық әлемдік қауымдастыққа төнген қауіп-қатер. Егер химиялық қару қолдану жазасыз қалса, бұл болашақтағы әскери жанжалдарда қауіпті жайтқа айналуы мүмкін, – деп жазылған Украинаның ресми мәлімдемесінде.

Өткен аптада Германия мен Нидерландтың барлау қызметтері Ресейдің Украинадағы соғыс кезінде химиялық қаруды жаппай қолданғанын дәлелдейтін айғақтар жинағанын мәлімдеген еді. Халықаралық конвенцияларға сәйкес, аталған химиялық заттарды әскери мақсатта пайдалануға қатаң түрде тыйым салынған.

2024 жылдан бері қарай Украинада осы секілді химиялық заттардың әсерінен кемі 3 сарбаз қаза тапса, 2500-ден аса әскери қызметкердің уланғаны жайлы ресми деректер бар.

Путин Ыстанбұлға бармайтын болды

Фото: © Sputnik / Григорий Сысоев

Ресей мен АҚШ басшылары Түркияда өтетін Украина мәселесіне қатысты бейбіт келіссөздерге қатыспайтын болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

15 мамырда Ыстанбұлда Украина мәселесі бойынша бейбіт келіссөздер өтеді. Ресей Президенті Владимир Путин мен АҚШ Президенті Дональд Трамп қатыспайтыны белгілі болды. Себебі олардың аты-жөні қатысушылардың тізімінде көрсетілмеген.

Кремльдің ресми мәліметіне сәйкес, Ресей делегациясын президент көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Делегация құрамында Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин және Бас штабтың бастығы Игорь Костюков бар.

Бұдан басқа, Кремль таратқан баспасөз релизінде Путин бекіткен сарапшылардың аты-жөні де айтылған.

Бұған дейін Украина Президенті Владимир Зеленский ресейлік әріптесін келіссөздерге қатысуға шақырған болатын.

Radio NV хабарлауынша, Киев делегациясының құрамында Владимир Зеленский, президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, сондай-ақ Сыртқы істер министрі Андрей Сибига, Қорғаныс министрі Рустем Умеров кіреді.

Сонымен қатар, кездесуде Зеленскийдің дипломатиялық кеңесшісі Игорь Жовква болады.

Келіссөздерге АҚШ тарапынан Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Трамптың арнайы өкілдері Стивен Уиткофф пен Кит Келлог қатысады деп күтілуде.