
Шерзат ісі бойынша сот үкімі 5 маусым күні шығарылады
Шерзат сотының үкімі шығатын күн белгіленді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысында үзіліс жарияланды. Төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов іс бойынша сот үкімі 2025 жылдың 5 маусымында сағат 16:00–де болатынын хабарлады. Сотта соңғы сөзін сөйлеген сотталушылар өздеріне тағылған айыппен келіспейтінін…