Пенжім ауылының атауы ауысты
Жетісу облысында бірнеше елді мекендер мен көшелердің атауы өзгертілді. Бұл туралы жергілікті мәслихат депутаты Гүлназ Мұстафа Facebook-тегі парақшасына жазды. Панфилов ауданындағы бұрын Пенжім (ұйғыр тілінен аударғанда, «бас ауыл» деген мағына білдіреді) деп аталып келген елді мекен Атамекен деп өзгертілді. Сонымен қатар, сол өңірдегі екі ауылға бұрынғы атауы (Лесновка ауылы – Талды, Әшім ауылы – Төңкеріс) қайтарылды. «Тұрғындардың…