Tag Archives: UFC

«Психологиялық тұрғыдан қиын»: Бапкері Шавкат Рахмоновтың қазіргі жағдайы туралы айтты

Фото: www.championat.com

DAR PRO Team бас бапкері Эдуард Базров Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың қазіргі жағдайы мен 2025 жылдың соңына дейін октагонға шығу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

– Шавкатқа қатысты қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Бір нәрсе анық – ол жаттығып жүр. Әрине, жағдай өте ауыр… Психологиялық тұрғыдан да өзіңді жұмысқа бейімдеу қиын. Бірақ Шавкат – мінезі мықты жігіт. Қолынан келгенінше жаттығып, бабын сақтап жүр, – деді Э. Базров.

Ол алдағы уақыттағы жағдайға болжам жасай алмайтынын айтты:

– Не боларын тек бір Құдай біледі. Қазір ол жаттығып жүр, – деді бапкер.

Еске салсақ, 2025 жылғы 27 шілдеде Алматы – Екатеринбург трассасында қайғылы жол апаты болды. Әлеуметтік желідегі деректерге сүйенсек, көліктердің бірін UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жары айдаған. Кейін Жамбыл облысы Полиция департаменті Гулайым Рахмонованың бұл істе куәгер мәртебесінде екенін мәлімдеді.

Шавкат Рахмонов UFC-дегі жекпе-жегі алдында маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстандық UFC жауынгеры Шавкат Рахмонов (18-0) 7 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турниріндегі ирландиялық Иэн Гэрримен (15-0) жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады.

Рахмонов Instagram парақшасында жаттығу барысынан суреттер жариялап, «Шавкат келесі жеңіске бет алды» деп жазды.

DAR PRO TEAM командасының Instagram парақшасында Рахмонов пен Гэрридің бір жаттығу залында дайындалып жатқан видеосы жарияланды.

Бұл жекпе-жектің жеңімпазы UFC чемпионы Белал Мухаммадтың келесі қарсыласы болады.

Еске сала кетейік, Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта жеңген болатын.

Асу Алмабаев рейтингте үздік ондықта тұрған спортшымен жекпе-жекке шығады

Фото:Instagram.com/bigmarcel24/

UFC-дің ең үздік 15 спортшысының қатарына кірген Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Stan.kz жазуынша, UFC тұжырымында қатарынан үш жекпе-жекте жеңіп келе жатқан Асу Алмабаев төртіншке кездесуінде рейтингте үздік ондықта тұрған спортшымен жекпе-жекке шығады. Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыз келесі жекпе-жегін 19 қазанда Лас-Вегаста UFC Fight Night турнирінде өткізеді. Алмабаев рейтингте 8-орында тұрған бразилиялық Матеус Николаумен (19-4-1) жекпе-жекке шығады. Николау UFC-де 10 жекпе-жек өткізіп, соның жетеуінде жеңіске жетсе, 3 рет ұтылып қалған. Айтпақшы, қос спортшы да UFC рейтингінде 7-орында тұрған Мухамад Мокаевтың лигадан кетуін байланысты жоғарылаған. Асу 14-орынға көтерілсе, Матеус 8-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін 16 маусым күні Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонға (16-8) қарсы өткізіп, жеңіске жетсе, Матеус соңғы екі шайқасында Брэндон Ройвал және Алекс Перестен ұтылып қалған.

Асу Алмабаев UFC-дің ТОП-15 қатарына қосылды

Танымал MMA Fight Matrix статистикасының интернет-порталы қазақстандық Асу «Зүлфиқар» Алмабаевты жеңіл салмақтағы боксшылардың әлемдік рейтингінің «үздік-15» тімзіміне қосты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты жариялады.

Fight Matrix нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлем үздіктері төмендегідей:

1. Александр Пантожа (28-5-0) Бразилия — UFC
2. Брэндон Ройвел (16-7-0) США — UFC
3. Брендон Морено (21-8-2) Мексика — UFC
4. Амир Альбази (17-1-0) Швеция — UFC
5. Кай-Кара Франс (24-11-0) Новая Зеландия — UFC
6. Стив Эрцег (12-2-0) Австралия — UFC
7. Манель Кап (19-6-0) Португалия — UFC
8. Татцуро Таира (16-0-0) Япония — UFC
9. Мухаммад Мокаев (12-0-0) Великобритания — UFC
10. Хиромаса Огикубо (26-8-2) Япония — Rizin
11. Тагир Уланбеков (15-2-0) Россия — UFC
12. Азамат Керефов (17-0-0) Россия — UFC
13. Джошуа Пачио (22-4-0) Филиппины — One FC
14. Аскар Аскаров (15-1-1) Россия — АСА
15. Асу Алмабаев (20-2-0) Казахстан — UFC.

Айта кетейік, 16 маусымда Лас-Вегаста (АҚШ) өткен  UFC on ESPN 58 турнирінде Асу Алмабаев америкалық Хосе Джонсонды 16-8 есебімен жеңген еді.

Асу Алмабаевты UFC-дегі жеңісінен кейін жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды

Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (20-2) UFC-дегі үшінші жеңісінен кейін елге оралды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл туралы Sports.kz жазды.

Спортшыны жанкүйерлері Алматы әуежайынан салтанатты түрде күтіп алды. Алмабаевты қарсы алу рәсімі таспаланған видео Instagram желісіндегі Dar Pro Team парақшасында жарияланды.

Еске сала кетсек, аралас жекпе-жектен Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өткен UFC on ESPN 58 турнирінде Алмабаев мансабында алғаш рет негізгі кардта өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы америкалық Хосе Джонсонды (16-9) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (үш рет 30-27) жеңді.

Октагондағы сұхбат кезінде ол дивизионда төртінші орында тұрған жаңа зеландиялық Кай Кара-Франсты (24-11) жекпе-жекке шақырды.