Tag Archives: үйлену

Қарағандыда 15 жастағы қызды «әйел қылып алған» ер адам сотталды

Фото: Pixabay

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Сот істі жан-жақты қарап, айыпталушының кінәсі толық дәлелденген деп шешті.

Ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды, ал прокуратураға оқиғаға жол берген ересектердің әрекетін заң тұрғысынан тексеру тапсырылды.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында көпшіліктің назарын аударған іс қаралды. Айыпталушы, 37 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс жасады деп танылды.

Іс материалдарына сәйкес, биылғы жылдың басында Абай қаласының тұрғындары қыздың анасы мен өгей әкесі, оны ер адамға тұрмысқа шығуға көндірмек болған. Қыздың қарсы болуына қарамастан, өгей әкесі оны сол ер адаммен бірге Қарағандыға жіберген.

Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыға ең жоғарғы жаза 17 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы тарап, керісінше, істі жеңілдетілген бап бойынша қарауды өтінген. Сот істі жан-жақты қарап, айыпталушының кінәсі толық дәлелденген деп шешті. Сот үкімімен ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған өмір бойына білім беру және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу саласында еңбек етуге тыйым салынды.

Бұдан бөлек, сот прокуратура атына жеке ұйғарым шығарып, жәбірленушінің анасы мен өгей әкесінің әрекеттерін тексеруді тапсырды, олардың заңды бұзу белгілері бар-жоғы анықталатын болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Ерке Есмахан мен Raim үш жылдықтарын атап өтті

Фото: instagramm.com/erkeesmaxan
Ерке Есмахан мен Raim-ның шаңырақ көтергендеріне биыл үш жыл толды. Осыған орай Ерке Есмахан отбасылық өмірінен сыр шертіп, фотолар жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Әнші отбасылық суреттерін жариялап, оқырмандарына алғыс айтты.

 

«Раим екеуміздің шаңырақ көтергенімізге үш жыл болып қалды. Сол үш жылдың жемісі, міне, осы суреттерде. Алла бағымызды еселеп, қол жайып тілегенімізді молынан нәсіп етуде. Жаратқанға сансыз шүкір айтамыз. Бақытты болыңыздар! Біздің отбасымызға тілекші, кең пейіл, ақ жүрек оқырмандарым», — деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

 

«Өзінен 5 жасқа кіші»: Әнші Кеңес Әлімжан шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Танымал хит әндердің орындаушысы Кеңес Әлімжан шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесінің қыз ұзатудағы видеосы әлеуметтік желіге тарады.

Халыққа кеңінен тараған “Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?”, “Бозторғай ана” әнінің авторы Кеңес Әлімжан Зарина есімді аруды қолына қондырды.

Желі қолданушылардың сөзіне сенсек, қалыңдық әншіден бес жасқа кіші көрінеді.

“Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы, Суан елінен Зарина деген қызымызды алып жатыр. Жастар бақытты болсын! 16 қыркүйек үйлену тойы”, “Басыңды төрге сүйрейтін жар болсын!”, “Қашан кімге үйленеді екен деп жүр едік, құтты болсын”, “Жол апатына түсті деп жатыр еді, аман-есен болсын”, “Келіншегі әдемі екен”, “Менің жақсы көретін әншім”, “Даусы ерекше әнші”, “Қызымыздың жасы 26-да, 5 жас кіші жігіттен” – деп жазды көпшілік.

 

@user2972672452232 #кенесалимжан✔️❤️‍ #TikTok #fyp #длятвоейстраницы #вирусный ♬ Жаратқаннан сені тіледім — Кеңес Әлімжан

«Ресми ерлі-зайыптымыз»: Белгілі журналистің ұлы үйленді (ВИДЕО)

Танымал журналист Гүлмира Дайрабайдың ұлы Артур Асқарұлы отау құрғандарына 1 жыл болғандарын тойлады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

«Бүгін бізге бір жыл! Енді ресми түрде ерлі-зайыптымыз», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Артур Асқарұлы елімізге танымал блогерлердің бірі. Оның әлеуметтік желідегі парақшасында миллионнан астам жазылушысы бар.

«Белгі көрінгендей»: Екінші рет үйленген Лиядия Кәденованың ұлы жаңалығын айтты

Актриса Лидия Кәденованың ұлы, елімізге танымал жүргізуші, шоумен Дидар Кәден екінші некесінен тағы бір сәби сүйді. Сүйінші жаңалығын шоумен Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Сүйінші!

Биіктен көрінгендей бүгін белгі, Бір шаттық кернеп жатыр шын іргемді. Өмірді тағы бір рет ұғындырып, Тәңір маған тағы бір ғұмыр берді. Шыр-пыр боп, той тойлатып жүргенімде Шыр етіп дүниеге ұлым келді», — деп жазды ол желідегі парақшасында жұбайымен түскен суретін жариялап.

Айта кетейік, Бұл — өнер иесінің үшінші перзенті. Оның бірінші некесінен ұлы бар.