Tag Archives: Түркия

Түркияның Балыкесир провинциясында 6,1 балдық жер сілкінісі болды

Фото: RT

Мәрмәр және Эгей аймағының елді мекендерінде 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Сағат 22:48–де Балыкесир провинциясының Сындыры ауданында жер сілкінісі тіркелді. Түркия Апаттар және Төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, оның магнитудасы 6,1 болды. Жерасты дүмпуі 5,99 шақырым тереңдікте тіркелген.

Ал Report агенттігінің хабарлауынша, провинциядағы жер сілкінісінен кейін үш ғимарат пен бір дүкен қирады. Оқиғаны ішкі істер министрі Али Ерликая жергілікті БАҚ өкілдеріне мәлімдеген.

Ол Сындыры ауданындағы опырылып түскен ғимараттардың пайдалануға берілмегенін атап өтті. Мұнда зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Түркияда тағы жер сілкінісі болды

Фото: Pixabay

Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qazaq Today сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Түркияның төтенше жағдайлар және табиғи апаттарды басқару департаментінің (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпулері түнгі сағат 00:05-те Сындыргы ауданында тіркелген. CNN Turk жер сілкінісі 7 шақырым тереңдікте болғанын және ол Ыстанбұл мен Измир қалаларында сезілгенін хабарлады.

Кандилли обсерваториясы мен AFAD жер сілкінісінің магнитудасын растады. Сындыргы қаласының мэрі Серкан Сак тұрғындарды абай болуға шақырды.

AFAD дерегінше, табиғи апаттан айтарлықтай зиян келгені анықталмаған. Тексеріс жұмыстары жалғасып жатыр.

Түркия туы ілінген бағанада билеген шетелдік турист бас бостандығынан айырылмақ

Фото: Видеодан алынған кадр

Каппадокиядағы туристік танымал нүктелердің бірінде түсірілген видео желіде таралып, қыз мемлекеттік символды қорлаған деп айыпталды. Ол акробатикалық трюктарды орындау үшін Түркия туы ілінген флагштокты қолданған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі bazabazonарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар оның әрекеттерін мемлекеттік символға тіл тигізу деп санаған және полицияға шағымданған. Осылайша, прокурорлық орган Түркия Қылмыстық кодексінің 300-бабы (мемлекеттік символдарды қорлау) және 301-бабы (Түркия ұлты мен институттарын қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Ту біздің абыройымыз, көзіміздің нұры. Каппадокияға келген туристер әрдайым Невшехирдің қонақжайлылығымен баурайды. Алайда біздің ұлттық және рухани құндылықтарға құрметсіздік көрсету мүлде қабылданбайды», – деп мәлімеді жергілікті партия депутаты Эмре Чалышкан.

Бишінің азаматтығы белгісіз, түрік БАҚ-тары оны «yabancı turist», яғни шетелдік турист деп атайды. Кейбір пікірлерде видео авторы Балқан тілдерінің бірінде сөйлеген болуы мүмкін екені айтылған.

Айта кетейік, Түркияның заңына сәйкес қыз 1 жылдан 3 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылады. Қазір қыздың ұсталғаны немесе Түркиядан кеткені туралы ақпарат жоқ.

Түркияда тағы да жер сілкінді

Фото: Pixabay

Түркияда Токат қаласының Сұлусарай ауданында түнгі сағат 1:24-те магнитудасы 4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың зардаптарын жою басқармасының (AFAD) сайтындағы ақпаратқа сәйкес, эпицентрі Сұлусарай ауданында болған 4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

Соңғы үш күн ішінде Түркиядағы сейсмикалық белсенділігі жоғары Сындыргы аймағында 900-ге жуық жер сілкінісі тіркелді. Балыкесирдегі жер сілкінісі Түркияға сейсмикалық қауіп-қатерді тағы бір еске салды. Ал сарапшылар қалаларды нығайту бойынша шұғыл шаралар қабылдауды талап етіп жатыр.

«Магнитудасы 6,1»: Түркияда тағы да жер сілкінді

Фото: ntv.com.tr

Түркияның Балыкесир провинциясында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

AFAD мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Балыкесир қаласына қарасты Сындыргы ауданында орналасқан.

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 19:53-те болған және ол елдің Мәрмәр және Эгей өңірлеріндегі бірнеше провинцияда, соның ішінде Ыстанбұл қаласында да сезілген көрінеді.

Түркияның батысында болған жер сілкінісі салдарынан шамамен 10 үй қирады. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Сонымен қатар Түркия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қираған үйлердің бірінің астынан төрт адам аман-есен құтқарылған. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.