Tag Archives: тұрғын

Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Фото: ҚМА

Телефон және интернет алаяқтарынан сақ болуға шақырып отыр. Агенттіктің хабарлауынша, алаяқтар ресми орган атынан хабарласып, өзін «заңгер» не «тексеруші маман» деп таныстырады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Хабарлама жіберген соң «сіз қызмет ететін ұйымға қатысты тексеру басталғанын» айтады.

 

«Алайда агенттік мұндай хат жібермейді және телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. ҚМА шот нөмірін, SMS-код пен құжаттарға қатысты құпия ақпаратты талап етпейді», – делінген ақпаратта.

 

Алаяқтар Қаржылық мониторинг агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті атынан жалған хаттар таратып, қызметкерге мінездеме немесе басқа ақпарат беруді сұрайды.

Тіпті WhatsApp арқылы сол ұйымның басшысы мен есепшісінің атынан хат жазады. Басшылардың фотосы мен аты-жөнін пайдаланады.

 

«Бұл адамды адастыруға себеп болады. Хабарламалар кейде мемлекеттік тілде жазылады. Кейін «заңгер» ретінде хабарласып, «құпия ақпарат» екенін айтып, құқық қорғау органдарына айтуға тыйым салады», – делінген ақпаратта.

 

Хабарласқан бейтаныс адамдар жан-жақтан бір мезетте қоңырау шалып, хабарлама жібереді. Бұл адамның қорқыныш сезімін тудырады. Адам ойланып үлгермей әрекет етеді.

 

«Жәбірленушіге банкке дереу бару және көрсетілген нұсқауларды орындау қажет делінеді. Салдарынан азаматтар жинаған ақшасын шешіп, алаяқтарға жібереді. Әдетте зейнет жасындағы адамдарға жиі хабарласады», – деп хабарлайды агенттік.

 

    • Мамандар мұндай жағдайда ең алдымен сабыр сақтауға шақырады. Әңгімені сол жерден тоқтатып, тіркелу қажет делінген сілтеме арқылы өтпеуді ұсынады. Сондай-ақ ешкімге ақша аудармау қажет.

 

    • Содан кейін жұмыс орныңыздағы бухгалтерия немесе заң бөліміне хабарласып, осындай хат келген-келмегенін нақтылаған жөн.

 

    • Хабарласқан нөмірді сақтап, ақпаратты құқық қорғау органдарына хабарлау керек.

 

Жыл басынан бері елімізде 16 500-ден астам интернет алаяқтық дерегі тіркелді. Былтыр 22 500-ден аса жағдай анықталған.

 

Қызылорда халқы қара су ішіп отыр: әкімдік жыл бойы мәселені шеше алмай келеді

Фото: видеодан скрин

Қызылордадағы Сол жағалауда бір жылдан бері қара лай су ағуда. Тұрғындардың айтуынша, оны ішу түгілі, әжетханада пайдаланудың өзі мүмкін емес. Алайда, коммуналдық төлемді әкімдік толық төлетіп отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Краннан қара батпақтай су ағады. Ішуге де, кір жууға да, тіпті әжетханаға да жарамайды. Ал біз ай сайын ақша төлейміз», – дейді ашынған тұрғындардың бірі.

«Әр күні дүкеннен су сатып аламыз. Балаларымыздың денсаулығына алаңдап отырмыз. Бұл мәселе бір күндік емес, бір жылдан асты. Әкімдікке талай арыз жаздық, бірақ нәтиже жоқ», – деп шағымданды тағы бір тұрғын.

Су жүйесіне жауаптылар мен әкімдік бір-біріне сілтеп, уақыт созумен әлек. Ал халық қара суды көріп, ашумен күн кешуде.

«Әкімдік бізді естімесе, бізді кім қорғайды? Халықтың денсаулығын елемеген басшылыққа қалай сенеміз?» – дейді тұрғындар.

Ауыр хәлде жатқан 49 жастағы науқас Өскеменге тікұшақпен жеткізілді

Фото: ТЖМ

18 қыркүйекте ҚР ТЖМ «Қазәуеқұтқару» АҚ тікұшағы санитарлық авиация желісі бойынша Бұрлы ауданының 49 жастағы тұрғынын шұғыл эвакуациялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Министрлік мәліметінше, науқас тар бейінді мамандардың көмегін алу үшін облыс орталығындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

«Экипаж бен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау уақыты едәуір қысқарып, емнің сәтті аяқталу мүмкіндігі артты», – делінген хабарламада.

Қарағанды тұрғыны әкімге қарсы сотты жеңіп шықты

Қарағанды тұрғыны сотқа қала әкіміне қатысты әкімшілік талап қоюмен жүгініп, Д. есімді адамға жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесіне жекеменшік құқығын беру туралы әкімдіктің қаулысын заңсыз деп тануды сұрады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Талап қоюшының пікірінше, даулы жер учаскесі Д.-ға жер заңнамасын бұза отырып берілген, бұл оның өтініші бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген тексеру барысында анықталған.

Даулы қаулы оның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзады, бұл жер учаскесінде оның инженерлік коммуникациялары орналасқан, сондай-ақ үйден көшеге шығатын жол жабылған.

Сот жергілікті атқарушы орган даулы жер учаскесін берген кезде жер заңнамасының талаптарын бұзғанын анықтады.

Осылайша, әкімдік қаулысымен Д.-ның жер учаскесі мемлекет меншігіне алынып, оның орнына 0,1000 га аумақтағы жеке тұрғын үй салу үшін даулы жер учаскесіне жекеменшік құқығы берілген.

Даулы жер учаскесі талап қоюшының жер учаскесінің алдында орналасқан, осылайша, көшеге шығатын жолды жауып тұр. Сонымен қатар осы учаскеде оның коммуникациялары бар.

Бұдан бөлек, қаланың сәулет және қала құрылысы бөлімі талап қоюшыға жеке тұрғын үйдің жобалау және құрылысын жүргізуге арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасын бекіткен.

Эскиздік жоба келісіліп, оған сәйкес талап қоюшының көлік жолы жоғарыда аталған көше арқылы қарастырылған.

Осылайша, даулы қаулы әкімшілік органның кейінгі әрекеттерімен келіспей, талап қоюшыны өзіне тиесілі жер учаскесі мен ғимаратқа кіретін жолдан айырып отыр.

Осы жағдайларды ескере отырып, сот Қарағанды қаласы әкімдігінің даулы қаулысын заңсыз деп тану және оны жою туралы талап қоюшының талаптарын негізді деп тапты.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Фото: Pixabay.com

Алматы тұрғыны автобус аялдамасының тас-талқанын шығарды

Алматыда ер адам автобус аялдамасын қиратты, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Ер адам неге мұндай қадамға барғаны белгісіз.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері Massaget.kz тілшісіне бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Бостандық ауданы полиция бөлімінің мәліметінше, бұзақының жеке басы анықталды. Ол міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылады», — делінген жауапта.