Tag Archives: трансгендер

«Сатқындық жасады»: Танымал трансгендер сүйіктісімен ажырасып кеткенін айтып жылап қалды

Фото: видеодан скрин

Танымал трансгендер, блогер Никонет сөз байласқан жігітімен екі жаққа кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Желі жұлдызы Threads парақшасында жазба жариялады.

“Адамдардың мені алдағанын жек көремін. Өйткені мен танымалмын, шынайымын әрі мейірімдімін. Елдің бәрі мені қызықтайды. Бірақ екеуміздің араласатынымызды біле тұра, ол басқа біреуді тауып алады. Әркім өз орын білсін. Мен ешкімді жоғалтқан жоқпын. Ол мені жоғалтты. Қыздар, естеріңізде сақтаңыздар! Ешкімнің сіздің сыртыңыздан екінші адаммен сөз байласуына құқығы жоқ. Біз құндымыз, ханшайымбыз”, – деді блогер.

Алайда блогер ажырасып кетсе де, экс-жігітінің фотоларын әлі сақтап жүргенін айтты.

“Мен ажырасып кеткенімді мойындаймын. Бір ай қарым-қатынас құрдық. Сол уақытта одан ештеңе сұраған жоқпын. Адамның мүмкіндігі өзін қуантуға жетеді деп ойладым. Ол маған бір тал гүл де сыйлаған емес. Оның берген гүлі қымбат көліктен де құнды еді ғой?! Құрбыларым: “Ол сен үшін ештеңе жасағысы келмейді” дегенді айтып отыр. Сатқындық менің жүрегімді жаралады. Қазір мен жылап отырмын, бірақ күліп айтамын: біз енді жай таныстар болып қалайық. Мен әлсіз болып көрінгім келмейді”, – деп жазды Никонет.

Шынайы сезімді бөлісетін адам іздеймін – трансгендер Амилай

Танымал трансгендер Амилай Баймұратова екі жыл бұрынғы видеосын көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Желі жұлдызына осыдан екі жыл бұрын шымкенттік жігіт сөз салып, кейін екі жас ажырасып кеткен. Блогер сол сәтті сағынатынын жасырмады.

“Кейде көптің ішінде жүріп те өзіңді жалғыз сезінесің. Махаббатқа сену керек. Жанымды түсінетін, шынайы сезімді бөлісетін адам іздеймін. Махаббат – мен үшін жай сөз емес, жүрекке жылулық сыйлайтын ерекше күй. Мүмкін, бұл жазба бір жүрекке жетер… Мүмкін, дәл сен оқып отырсың…”, – деп жазды блогер.

Желі қолданушылары трансгендердің махаббатын қызу талқыға салды.

“Дәурен деген жігітпен жүріп, ажырасып кеткен еді”, “Өткенде осы жігітті көшеден көріп қалдым”, “Әр адам бақытты болуға лайық”, “Амилайдың бақытты кезі еді”, “Бұл бала Шымкентте 69, 34-автобуста кондуктор болған”, – деп жазды көпшілік.

Трансгендерлердің «Жаса, қазағым» әнін шырқауы жұрттың ашуын тудырды

Әлеуметтік желілерде трансгендерлердің сахнада «Жаса, қазақ елім» әнін орындаған видеосы кеңінен тарап, қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі Caravan.kz медиа порталдарына сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғамның реакциясы

Желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты түрлі пікір білдірді. Көпшілік ұлттық патриоттық әндерді трансгендерлер орындамауы керек деген көзқарасты ұстанса, кейбіреулер бұл жағдайды толеранттылық пен әркімнің жеке құқығы тұрғысынан қарау керектігін айтты.

Пікірлер екіге жарылғанымен, патриоттық мазмұндағы әннің осындай форматта орындалуы көпшіліктің ашуына тигені байқалады.

Амилай және клуб туралы не белгілі?

Трансгендер Амилай өз Instagram парақшасында жеке әнін дәл осы клубта орындағанын көрсеткен. Сондай-ақ, ол өз парақшасында клубқа келуге шақырған жазбалар да жариялаған.

Аталған клуб соңғы уақытта трансгендерлерді арнайы қонақ ретінде шақыру арқылы танымал болған. Бұл да қоғамның белгілі бір бөлігінің наразылығын тудырып отыр.

Бұл оқиға Қазақстан қоғамында ұлттық құндылықтар мен толеранттылық арасындағы пікірталастардың өзекті екенін тағы бір рет көрсетті. Әннің орындалуы көпшілік тарапынан ұлттық рәміздерге құрметсіздік ретінде қабылданғанымен, кейбір сарапшылар бұл пікірлердің әр адамның көзқарасына байланысты екенін атап өтті.

 

Трамп АҚШ армиясынан 15 мың трансгендерді қуып шықпақ

Д. Трамп әскери қызметкерлерін жұмыстан босату туралы жарлығына президенттік мансабына қайта орылған күні-ақ қол қоюы мүмкін, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

Жұмыстан шығару олардың қызметке жарамсыздығын анықтайтын медициналық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады.

Дональд Трамп бұған дейін мәлімдегеніндей, кейбір жоғары лауазымды офицерлер әскери әрекеттерді жоспарлаудан гөрі теңдік пен инклюзияға көбірек қызығушылық танытып отыр.

Бұл тыйым Трамптың бірінші президенттік мерзімі кезінде қабылдаған жарлығына ұқсас немесе кеңейтілген болуы мүмкін. Онда Трамп трансгендерлердің әскери қызметке қосылуына тыйым салған, бірақ қызмет етіп жүргендерге өз орындарын сақтауға рұқсат берген. Президент Джо Байден бұл бұйрықты жойды.

Пентагонның мәліметінше, құпиялылық саясаты 1,3 млн-ға жуық белсенді әскери қызметкері бар армиядағы трансгендерлер санын санауды қиындатып отыр.

«15 мыңнан астам әскердің кенеттен кетуі, әсіресе, өткен жылы әскерилер 41 мың шақырушыны жинай алмағанын есепке алғанда, жауынгерлік бөлімшелерге әкімшілік жүктемені арттырады, бөлімшелердің біртұтастығын бұзады және маңызды дағдылардағы кемшіліктерді күшейтеді», – деді ЛГБТД+ әскери қызметкерлері мен ардагерлеріне науқан жүргізетін Американың заманауи әскери қауымдастығының атқарушы директоры Рэйчел Бранаман.

Д.Трамп Қорғаныс министрі лауазымына ұсынған П.Хегсет армиядағы «әлсіз» және «әйелдік» басшылыққа қарсы шығып, «бас қолбасшы келесі жылы тәртіпті қалпына келтіруі керек» деп мәлімдеді.

Трансгендер деп айыпталған боксшы Илон Масктің үстінен арыз түсірді

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Бокстан Париж Олимпиадасының чемпионы, алжирлік боксшы Иман Хелиф өзіне кибербуллинг жасағандарға қарсы шағым түсірді. Оның арызында Х/Twitter иесі Илон Маск пен әйгілі жазушы Джоан Роулингтің аты аталған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Трансгендер деп айыпталған алжирлік боксшы Иман Хелифті былтыр Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) гендерлік тесттен өтпеді деп әлем чемпионатынан шеттеткен. Бірақ Халықаралық Олимпиада комитеті оның жарысқа қатысу құқығын қорғап, Париж Олимпиадасына қатысуына рұхсат берді.

Хелифтің адвокаты Набил Буди Маск пен Роулинг әлеуметтік желідегі пікірлері үшін оларға да шағым жазылғанын айтқан. Париж прокуратурасы боксшының шағымынан кейін кибербуллинг фактісі бойынша тергеуді бастады.

Белгілі француз заңгері Х парақшасында Францияның заңы шетелдік тұлғаларға жүрмейтінін жазып, Маск пен Роулинг жазаға тартылмайтынын ескертті, дегенмен Францияның аумағында кибербуллинг жасағандар жауап береді.

Еске салсақ, алжирлік спортшы Иман Хелиф пен трансгендер деп айыпталған тағы бір боксшы тайвандық Лин Ю Париж Олимпиадасында алтын медаль алды.

Халықаралық Олимпиада комитеті екі спортшыны қорғап, олардың айналасындағы шуға жауап берді.

«Әділеттілік болу керек. Екі спортшы да әйел, сондықтан олардың әйелдер арасындағы жарысқа қатысуына құқығы бар», — деді ХОК баспасөз қызметінен.