
Үйлену тойындағы трагедия: 38 жастағы ана қызының тойында ажал құшты
Фото: А42.RU 38 жастағы ана қызының үйлену тойында кенеттен көз жұмды. Қалыңдықтың анасы той үстінде инфаркт алған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Ол қызын күйеу баласына табыстап жатқан. News Meter жазғандай, қайғылы оқиға Аббаспурам ауылында (Үндістан, Телангана штаты) болған. Қалыңдықтың 38 жастағы анасы қызын күйеуінің үйіне шығарып салған кезде жүрек талмасы ұстап қалған. Әйел шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.