Атырау қаласындағы аграрлық-техникалық колледж студенттері арасында ірі төбелес шықты. Оқиға колледж жатақханасының алдында болған.
Куәгерлердің айтуынша, екі топ бір-біріне темір таяқ және басқа да заттармен шабуыл жасаған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жастардың ашуға беріліп, бір-біріне соққы жасап жатқаны анық көрінеді. Бірнеше студент дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Полиция оқиғаға қатысқан жастарды анықтап, тергеу амалдарын бастап кетті. Білім басқармасы бұл жағдайға байланысты арнайы комиссия құрғанын хабарлады. Колледж басшылығы тәртіп бұзған студенттерге қатаң шара қолданылатынын мәлімдеді. Қазір оқиғаның себептері мен нақты қатысушылар саны анықталып жатыр. Тұрғындар жастар арасындағы тәртіптің әлсіреуіне алаңдаушылық білдіруде.
Желіде 1 қыркүйек күні Таразда оқушылар арасындағы төбелестің соңы қайғылы жағдаймен аяқталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жамбыл облыстық Полиция департаменті осы дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ізін суытпай кәмелетке толмаған күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», – делінген ПД-нің редакцияның сауалына берген жауабында.
Желіде тараған алдын ала ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған 14 жастағы ұл баланы басқа жасөспірім пышақпен ұрып жіберген. Оқиға мектептен тыс жерде болған.
Шымкентте әлеуметтік желіде жаппай төбелестің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Кадрларда ондаған ер адамның сөзге келіп, арты жұдырықтасуға ұласқаны байқалады.
«Шымкент тұрғындары бір нәрсеге келісе алмай, күтпеген жерден өзара жаппай төбелес ұйымдастырған. Қылмыстық іс қозғалды», – делінген жарияланымда.
Белгілі болғандай, оқиға 16 тамызда болған, бірақ ол жайлы ақпарат енді ғана белгілі болды.
Шымкент қаласының Полиция департаментінде қатысушылардың тұлғасы анықталып, ұсталғаны хабарланды.
«Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу аяқталған соң қатысушылардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады департамент өкілдері агенттікке берген түсініктемесінде.
Талғарда 8-желтоқсан күні мүрдесі табылған Нұрғанат Ғайыпбаев өзбександық келіншекпен азаматтық некеде бірге тұрып жатқан. Бандылардың пышақ жарақатынан қайтыс болған Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында жұмыс істеген. Шулы оқиғаға дейін жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеген Ғайыпбаев соңғы кездері бос жүрген. Талғар трагедиясынан кейін үнемі тергеуге қатысып, беттесумен уақытын кетірген Ғайыпбаев бейіттің жанына өзінің көлігімен барған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.
Полиция мен жедел жәрдем оқиға орнына жеткенде Нұрғанат жерде арқасымен жатқан. Ал оның жанында кабель тұрған. Марқұмның мүрдесін полициядан туыстары тапқан.
«Белбұл ауылындағы»Тенгри Парк» коттедж қалашығында тұрған. Әйелі Дильфуза есімді Өзбекстан азаматшасы. Балалары жоқ, қазіргі сәте жұмыссыз. Бұрын Еңбекшіқазақ аудандық жедел жәрдем қызметінде фельдшер болған», — делінген полицияның сипаттамасында.
Еске салайық, 8-желтоқсан күні Шерзаттың 30 жастағы ағасы Нұрғанат Полат өлі табылды. Ол 4-қазан күні Талғарда орын алған трагедияның куәгері, төбелестің бел ортасында болған. Інісін пышақтаған бандалық топтың аяусыз әрекеттерін көзімен көрген және өзі де жарақат алған.