
Мемлекет басшысы ТМД аясында Креативті индустрия қауымдастығын құруды ұсынды
Фото: Ақорда Президент ТМД-ның гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры базасында Креативті индустрия қауымдастығын құруды ұсынды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық қатынастар елдерімізді біріктіретін негізгі фактор екеніне назар аударды. Президент дәстүр мен инновацияны, тарихи мұра мен заманауи технологияны сабақтастыратын креативті индустрияны дамытудың болашағы зор деп есептейді. – Қазақстан осы саланы дамыту бағытында жұмыс…