Ресей Қазақстанға орыс тілі пәні мұғалімдерін жіберуді көздеп отыр
Қазақстанда орыс тілін насихаттау жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Ресей Білім министрлігінің мәліметінше, екі елдің Білім министрлерінің кездесуінде Қазақстанда орыс тілін насихаттау мәселелері көтерілген. Ресей Білім министрінің орынбасары Денис Грибов пен Қазақстан Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаеваның кездесуінде республика мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға Ресейдің қатысу мәселесі талқыланған. «Талқыланған тақырыптардың ішінде гуманитарлық ынтымақтастық және Қазақстанда орыс тілін насихаттау мәселелерін қамтыды. Ресей…