Tag Archives: тергеу

Тағы бір танымал блогер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Фото: justking31 парақшасынан

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов белгілі блогерлер Жанәбіловтер мен JustKing отбасына қатысты тергеулер туралы айтты. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Жанәбіловтер отбасына келетін болсақ, 15 қыркүйекте сот қаулысы шықты. Ол шыққан кезден бастап он тәулік ішінде заңды күшіне енеді. Бүгінгі таңда бізге материалдар келіп түскен жоқ. Алайда олар берілгеннен кейін біз қаулыны зерттейміз. Егер онда қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, іс тіркеледі, тергеу басталады, тиісті құқықтық баға беріледі», — деп түсіндірді Елемесов.

Оның айтуынша, агенттіктің басты бағыты қаржылық пирамидалар, онлайн-казино, вейптердің заңсыз саудасы және кейбір микроқаржы ұйымдарының қызметі болып қала береді, осының бәрі халыққа үлкен зиян келтіреді.

«Онлайн-казино, өздеріңіз білетіндей, — бұл ауру, тәуелділік, оны жеңу өте қиын. Сондықтан біз ұйымдастырушыларды ғана емес, осындай қызметтерді жарнамалайтын тұлғаларды да жауапқа тартуды қолдаймыз. Жауапкершілік шараларына және заң нормаларына келетін болсақ, қазір ол мемлекеттік органдар арасында талқыланып жатыр. Азаматтар бізді қолдайды деп ойлаймын, өйткені көптеген отбасылардың шаңырағы осындай тәуелділікке түскендіктен шайқалады», — деді агенттік төрағасының орынбасары.

Жеңіс Елемесов Just King атты блогерге қатысты да жауап берді.

«Оларда тиісті табыс бар ма және одан салық төленген бе, соны анықтау қажет. Бұл мәселелер қазір зерттелуде. Біз бұл материалдарды қарап, құқықтық баға береміз. Яғни Қаржылық мониторинг агенттігі салықтардың төленгенін тексеруде. Иә, тиісті уәкілетті органдар бұл іс бойынша материалдарды қайта қайтарып алды, өйткені 14 қыркүйекте, қателеспесем, қайтадан жарнама орналастырылған. Осыған байланысты қандай жауапкершілік туындауы мүмкін екенін түсіну қажет «, — деп қосты Елемесов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда Instagram Justking31 атымен танымал блогер Нұртаза Нұрбек заңсыз лотерея қызметін ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылған болатын. Оған 300 АЕК (1 179 600 теңге) айыппұл салынды. Блогер кінәсін толық мойындап, айыппұл төледі.

«Тергеуде таяқ жедім»: Астана полициясы Перизат Қайратқа қатысты видео жариялады

Астана полициясы Перизат Қайраттың сотта СИЗО-да «мені ұрып-соқты» деп шағымданған сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Шағымда айтылғандай, СИЗО қызметкері камераның есігін қолына қыстырып жауып, дене жарақатын келтіргені көрсетілген.

Материалдар полицияға жолданды. Қазір алдын ала тергеу жүріп жатыр — бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілді, қызметкерлер мен куәгерлерден жауап алынды.

Полицияның мәліметінше, алдын ала деректер бойынша, шағымда көрсетілген уақытта күш қолданылғаны видеода тіркелмеген.

Қосымша тексерулер жүргізіліп, сараптама тағайындалды.

Перизат Қайрат тергеу кезінде таяқ жегенін айтты

Астанадағы сот отырысы басталар алдында айыпталушы Перизат Қайрат тергеу барысында өзін соққыға жыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

“Бұл заңсыз — [соққыға жығу]. Қала прокуратурасынан сұрасаңыздар болады, бәрі ЕҚДБ-де тіркелген, іс қозғалды” — деді Қайрат журналистердің сұрағына жауап беріп.

Сондай-ақ ол анасын алғаш рет бүгін ғана көріп тұрғанын айтты. Оның айтуынша, күдікті мәртебесі оған 18 наурызда берілгенімен, осы күнге дейін қоғамдық қорғаушыларды тағайындамаған.

“Маған бірде-бір рет қоғамдық қорғаушы берген жоқ”, — деп атап өтті айыпталушы.

Алматы қаласында ірі көлемдегі пара алу және беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: Pixabay.com

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ірі көлемде пара алу және беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Тергеу барысында «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС басшылығы қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеуге қажетті ақпараттық қызметтер көрсету кезінде өз мүдделерін өткізу мақсатында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшылығына жүйелі түрде заңсыз сыйақылар бергені анықталды.

2025 жылғы 28 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында кезекті 75 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара беру кезінде ұсталғандар:

Р. Омаров – «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-нің бас директоры,

А. Сарбасов – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның басшысы, бұған дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі қызметін атқарған;

Д. Арғандыков – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның бұрынғы басшысы, бұрын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған, ұсталған.

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту барысында 370 мың АҚШ доллары және 4,5 млн теңге көлемінде ақша қаражаты тәркіленді.

2025 жылғы 30 маусымда сот санкциясымен А.Сарбасовқа, Р. Омаровқа және Д.Арғандыковқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Назарбаев университетінде қайтыс болған қызға қатысты тергеу басталды

Астанада Назарбаев Университеті жатақханаларының бірінде студент қыздың деенсі табылған еді. Жағдайға байланысты Ғылым және жоғары білім министрі пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Сенат кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек тергеу жұмыстарына уақыт керегін жеткізді.

Әзірге тергеу жұмысына уақыт беруіміз керек. Ресми ақпарат шыққан жағдайда барлығын береміз. Әзірше ата-анасынан жеке ақпараттарды таратпау бойынша үлкен өтініш бар. Назарбаев университетінің басшылығына байланысты шара тергеу біткеннен кейін анықталады. Толық ақпаратты береміз. Қазір құқық қорғау органдары айналысып жатыр, — деді ол.