Tag Archives: терезеден құлау

Павлодарда үшінші қабаттан құлап кеткен бала көз жұмды

Фото: leonidovo-speln.admin-smolensk.ru

Қайғылы оқиға 19 шілде күні кешкі уақытта болған. Бұл оқиға туралы өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

«19 шілде күні сағат 21:55-те 2016 жылы туған, ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала үшінші қабатта орналасқан жалпы кіреберіс балконнан құлап кеткен. Ол көптеген жарақаттармен, сүйек сынықтарымен және көгерулермен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», – деді Шәкенова.

Бүгін, 21 шілде күні, облыстық балалар ауруханасы баланың көз жұмғанын хабарлады.

«Бала ауруханаға түскен кезде жағдайы ауыр болды. Сүйек жарақаты көп болды, ішкі ағзалары зақымданған. Бірінші дәрежелі комада болды. Интенсивті терапия жүргізілгеніне қарамастан, 20 шілде күні түстен кейін науқастың жағдайы нашарлады. Реанимациялық шаралар нәтиже бермеді», – деді дәрігерлер.

 

Екібастұзда екі жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

Екібастұзда екінші қабаттағы терезеден кішкентай қыз құлап түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиға  23 маусым күні кешке болған.

Екі жасар қыз қазір қалалық ауруханада ем алып жатыр. Төтенше жағдай 23 маусымда кешкі сағат тоғызда болды.

Қарағандыда екі бала терезеден құлап кетті

Фото: toppress.kz
Қарағанды өңірінде соңғы екі күнде екі бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Оқиғаның алғашқысы облыс орталығындағы ықшамаудандардың бірінде, бес қабатты тұрғын үйде болған. Үш жастағы бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалған, деп жазады almaty.tv.

«Дәл осындай оқиға 9 маусымда Балқаш қаласында болған. Мұхамеджанов көшесінде 2 жастағы бала 5 қабаттан құлап кеткен. Бұл – жыл басынан бергі жетінші оқиға. Қарағанды облысының төтенше жағдай департаменті тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмауын ескертеді. Арнайы қорғаныс құралдары болуы керек. Терезенің тұтқасын бүлдіршіндер өз бетімен аша алмайтындай етіп бекіту тиіс», – деді Төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері Нұрлыбек Нұрмағанбет

Абырой болғанда, аталған оқиғаларда адам өлімі жоқ. Ал терезеден құлаған балалар дене жарақатымен ауруханаға түскен. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында.

Ақтөбеде 5 жасар бала терезеден құлап көз жұмды

Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде қайғылы жағдай болды. Бөлмеде ойнап жүрген 5 жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жаз мезгілінде терезе жиі ашық тұратынын айтып, тұрғындарға жиі ескерту жасап келеді. Дегенмен балалардың терезеден құлап кету дерегі жиілеп кетті.

– Бала бөлмеде ойнап жүріп, терезе алдына шыққан. Олар көпқабатты үйдің 7-қабатында тұрады. 5 жасар бала абайсызда құлап, алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Биыл облыста 7 бала терезеден құлады. Біреуі қайғылы аяқталып тұр, — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.