Tag Archives: терезе

Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйел ауруханадан шықты

Фото: Pixabay

Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі секіріп кеткен әйел ауруханадан шықты. Дәрігерлердің айтуынша, оған остеосинтез жасалған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Әйел Павлодардағы №1 қалалық ауруханада ем қабылдаған. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.

«Оған екі жағының да өкше сүйектерінің остеосинтезі, сол және оң жақ иық сүйегінің остеосинтезі операциялары жасалды. Ол ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды», – деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 30 шілдеде Павлодарда жантүршігерлік жағдай болды – 34 жастар шамасындағы әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен.

Астанада 9-қабаттан құлаған 6 жасар бала аман қалды

Фото: instagram/qara_astana

Астанадағы көпқабатты үйде 6 жастағы бала 9-қабаттың терезесінен құлап кетті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Бала екінші қабаттағы күнқағарға түсіп, сол жерде тұрған әйел мен көмекке келген жігіттердің арқасында аман қалды.

Куәгерлердің сөзінше, сол қабатта тұрған бір әйел баланы құлап кетуден ұстап тұрған, ал 3 жігіт жедел әрекет етіп, ішке кіріп, біреуі күнқағарға шығып баланы терезе арқылы пәтерге кіргізген.  Сол сәтте бала есін жиып, жылаған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2019 жылы туған бала жедел жәрдем арқылы №2 көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.

Дәрігерлер оның денесінде ауыр жарақаттар барын айтып, жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Теміртауда төрт жасар бала оқыс оқиға тап болды

30 маусымда Теміртауда үшінші қабаттағы терезеден төрт жастағы қыз бала құлап кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше 2021 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалған. Қызды қарап отырған әжесі бала құлаған сәтте басқа бөлмеде болған.

Бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Атырауда 5-қабаттан құлап кеткен бала аман қалды

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 2 жасар нәрестенің өмірін аман алып қалды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Баланың дәрігері, хирург Әділбек Дүйсенғалинның айтуынша, баланың беті бері қараған, тыныс ала алады.

«Бала аурухана түскенде көптеген диагноздар қойылды. Бассүйек жарақатын, екі өкпесінің тұсы зақымданған, сондай-ақ дене жарақаттарын алған. Қазіргі кезде ем-домдар жасалып жатыр. Әрі қарай емі палатада жалғасады», — дейді дәрігер Әділбек Дүйсенғалин.

Баланың анасы ақ халатты жандарға алғысын жеткізді.

«Сол күні балам ата-әжесімен болған. Ашық қалған терезенің торын басып қалып, құлап кеткен. Біз жолдасымыз екеуіміз кез келген жағдайға дайын болдық. Өйткені мұндайдан кейін жазылып шығу ғажайыппен тең. Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында баламның жағдайы жақсара бастады. Олар баланың жағдайының бәрін бізге жеткізіп отырды. Ақ халатты жандар балама екінші өмір сыйлады»,- дейді баланың анасы.

 Фото: istockphoto.com

Астанада ер адам терезеден құлап көз жұмды

Елордада ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады.

«Оқиғаға байланысты тергеу басталды, сараптама тағайындалды», — делінген Полиция департаментінің мәліметінде.

Әзірге өзге мәліметтер жоқ.

Фото: Pixabay