Tag Archives: теңіз

Халықтың дизелі қара базарға кеткен: Теңізде бір тонна жанармайды көлеңкелі саудаға шығарған

Фото: Видеодан алынған кадр 

Атырау облысындағы Теңізде қарапайым халыққа жетуі тиіс дизель отыны заңсыз саудаға шығарылды. КамАЗ жүргізушілері бірлесіп, бір тоннаға жуық жанармайды көлеңкелі жолмен сатып, тасымалдап жүргені әшкереленді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Қазір бұл жанармай тәркіленіп, іс қозғалды. Күдіктілер ұсталды, жағдайдың мән-жайы тексерілуде.

Жергілікті жұрт «дүкенде дизель таппаймыз, бағасы күнде шарықтап тұр, ал олар тонналап сатып жүр» деп ашулы. «Халықтың қалтасын қағып жүргендердің жолы кесілсін» деген пікір көп.

Каспий жағалауынан өлі балықтар табылды

Каспий теңізінің Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко маңындағы жағалауынан өлі балықтар табылды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырып, мәселе экология мамандарының назарын аудартты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті 7 шілдеде су сапасын тексеру мақсатында балық шаруашылығы басқармасымен бірлесіп оқиға орнына мамандар жібергенін мәлімдеді.

«Балықтардың жаппай қырылу себебін анықтау үшін теңіз суынан сынамалар алынып, зертханалық талдау басталды», – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта балық өлімінің нақты себебі белгісіз. Мамандар зерттеу нәтижелері шыққаннан кейін қосымша ақпарат беруге уәде етті.

Каспий теңізіне жас жігіт батып кетті

Ақтаудың 19 жастағы тұрғыны Каспий теңізінде шомылып жүргенде суға батып кетті. Ақпаратты Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті растады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиғаның 3 қыркүйекте сағат 19:40-та Ақтаудағы 7а шағынауданында болғанын хабарлады.

«Каспий теңізінің жағалауында (тереңдігі 2 метр, жағадан 100 метр) төтенше жағдайлар департаментінің күштері (тоғыз құтқарушы, екі техника, бір жүзу құрылғысы және бір дрон) Т.-ның мәйітін тауып, судан шығарды», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Марқұм 18:55-те шомылуға болмайтын жерде суға түскен кезде суға батып кеткен. Ол 2003 жылы туған.

Фото: Pixabay

Он жастағы бала Каспий теңізіне ағып кетті

Маңғыстау облысында 10 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Бүгін Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауын патрульдеу кезінде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2014 жылы туған баланы құтқарып, жағаға жеткізді. Белгілі болғандай, оны үрлемелі шеңбер жағадан алысқа алып кеткен. Медициналық көмек қажет емес еді», — деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Фото: ТЖМ