Tag Archives: теміржол

Қазақстан арқылы әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашатын 5 теміржол дәлізі өтеді – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан арқылы әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашатын 5 теміржол дәлізі өтетінін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл – Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы, еліміз үшін айрықша стратегиялық маңызы бар жоба.

– Жұмысшыларымыз үш жылға жуық уақыт бойы күні-түні табанды еңбек етті. Осындай белсенді жұмыстың арқасында теміржол мерзімінен бұрын іске қосылмақ. Мұны, шын мәнінде, тарихи сәт деуге болады. Бұл – баршаңызға ортақ қажырлы еңбектің жемісі. Бәріңізді шын жүректен құттықтаймын! Зор ризашылығымды білдіремін. Жаңа жол жүк тасымалының көлемін 5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ экспорттық тауарларды жеткізу уақытын қысқартып, транзиттік әлеуетімізді күшейте түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент еліміздің бүгінде Еуразиядағы басты транзит хабының біріне айналғанын атап өтті.
– Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты жалғап тұр. Жеріміз арқылы 5 теміржол дәлізі өтеді. Оның бәрі әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашады. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән береміз. Соңғы он жылда осы салаға шамамен 35 миллиард доллар инвестиция салынды. Мен халыққа Жолдауымда бірқатар жобаны уақтылы жүзеге асыру туралы нақты тапсырма бердім. Алдағы уақытта 5 мың шақырым теміржол салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ 11 мың шақырым теміржол жөнделеді. Қазір «Мойынты – Қызылжар» теміржолы салынып жатыр. Қызылжар станциясынан Ақтау портына дейінгі учаскелер жаңғыртылады. Бұл бағдар – Транскаспий халықаралық көлік бағдарының басты бөлігі. Мұның бәрі Еуропа пен Азияның арасын жалғап, Транс-Қазақстан теміржол бағытының, яғни Орта дәліздің қарқынды дамуына ықпал етеді. Жалпы, бәсекеге қабілетті ел болу үшін экономикамыздың мейлінше қуатты болуына баса назар аударуымыз керек. Бұл ретте, көлік-логистика саласының орны бөлек. Сондықтан Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру негізгі басымдықтың бірі болып қала бермек. Теміржол саласының алдында тұрған міндеттер – айқын, – деді Президент.
Мемлекет басшысы алдағы уақытта бұл салаға цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізе отырып, оны ел экономикасының озық бағыты ретінде дамыту көзделгеніне, алда әлі де ауқымды жұмыс тұрғанына, сол себепті барлық жоспарды уақтылы, дер кезінде орындау өте маңызды екеніне назар аударды.
Сондай-ақ телекөпірде Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов, «Қазақстанның Еңбек Ері», темір жол саласының ардагері Қалтай Сәмбетов сөз сөйледі.

Теміржол саласындағы тариф жүйесі қайта қаралуы мүмкін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында теміржол саласындағы тариф жүйесі қайта қаралуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық. Еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық. Сондықтан көлік инфрақұрылымына салынып жатқан әрбір инвестиция өзін-өзі ақтайтыны сөзсіз.

Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек. Сондай-ақ тиімді жұмыс істейтін әуе хабтарын, теміржол бекеттері мен теңіз порттарын салуымыз қажет. Бұл ретте бірқатар кешенді мәселені шешкен жөн.

Теміржол саласында реформа жасау үшін тариф жүйесі қайта қаралуы керек. Бұл – айдан анық нәрсе», — деді Президент.

Президенттің айтуынша, жаңа тарифтер теміржол желісін қалыпты жағдайда сақтауға және оның тасымал қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы үш ірі инфрақұрылымдық жобаны қолға алды, яғни теміржол салып жатыр. Оның жалпы ұзындығы мың шақырымнан асады. Бұл жобалар бекітілген мерзімде және өте сапалы іске асырылуға тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан ескі вагондардан қашан құтылады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов 2024 жылдың 20 маусымында ұлттық тасымалдаушы ескі вагондардан қашан құтылатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

Жәнібек Тайжанов ведомствоның 600 ескі вагоны бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, жеке тасымалдаушыларда да осындай вагондар бар.

«Бұл 28 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан вагондар – олар ХХ ғасырдың 80-90-шы жылдарында шығарылған. Бұл өндіруші зауыттың кондиционерлеу жүйесі қарастырылмаған және дәретханалар стандартты (вакуумдық емес) вагондар. Олардың барлығы 2030 жылға қарай есептен шығарылады», — деп сендірді спикер.

Бұл ретте оларды ауыстыру үшін компания, вагондарды жаңарту және сатып алу жұмыстарын жүргізуде.

«Қазірдің өзінде 150 – ге жуық вагон сатып алынды және 157 вагонға келісімшарт жасасты, 2025 жылға қарай Жаңа Stadler вагондары жеткізіледі деп күтілуде. Ал 2030 жылға қарай вагондардың орташа жасы шамамен 10-13 жыл болады. Яғни, 2030 жылға қарай қазақстандықтар ұлттық тасымалдаушының ескі вагондары жайлы ұмытады», — деп түйіндеді Жәнібек Тайжанов.

Фото: Pixabay

Үндістанда теміржол апаты 15 адамның өмірін жалмады

Фото: el.kz

Үндістанның шығысында тауар тасымалдайтын пойыз бен жолаушылар пойызы соқтығысты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Қайғылы оқиға салдарынан кем дегенде 15 адам көз жұмып, тағы 60 шақты адам жарақат алған, деп жазады el.kz.

Соңғы деректер бойынша, қайтыс болғандар арасында тауар тасымалдайтын пойыздың екі машинисі мен жолаушылар пойызының күзетшісі бар.

Құрбандар саны артуы мүмкін, себебі оқиға орнында құтқару жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала болжам бойынша, соқтығысқа пойыздардың жүру кестесінің өзгеруі себеп болуы мүмкін.

Теміржол апаттарын фото-видеоға түсіруге салынған тыйым алынып тасталды

Көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы» басшылығының темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзудың кез келген жағдайларын фото және видеоға түсіруге тыйым салу туралы телеграфтық нұсқауының күшін жойды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл тапсырма Қазақстан Конституциясының 20-бабының 2-тармағына қайшы келеді.

Оған сәйкес, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.

Мұндай шектеу ең алдымен теміржолдағы апаттарды тергеу кезінде дәлелдер базасын жинауды қиындатты.

 

“Сонымен қатар әртүрлі оқиғаларды жасыруға жағдай жасап, бұл жалпы осы саладағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін еді. Бүгінгі таңда прокуратураның наразылығы толық көлемде қанағаттандырылып, тиісті нұсқау заңсыз деп танылды”, – делінген хабарламада.

 

Qazaq.today