Мемлекет басшысы Палестина Президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда Президенттер әңгімелесу барысында Қазақстан және Палестина арасындағы достық, өзара құрмет пен қолдауға негізделген қарым-қатынасты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Мемлекеттер басшылары саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты кеңейту перспективасын талқылады. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу…
