Tag Archives: тастаған

Қарағанды полицейлері дәмхананың қызметін заңсыз тоқтатып тастаған

Қарағандыда Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы кәсіпкерлік субъектісінің құқығын қалпына келтіріп, қалалық ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі қойған шектеулерді алып тастады, деп хабарлады Qazaq.Today тілшісі Халық үні сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс аясында кәсіпкердің шағымын қарау кезінде дәмхананың қызметін мөрлеу арқылы тоқтату фактісі анықталды.

Еске сала кетсек, мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi. Ал жергілікті полиция бөлімшесі кәсіпкердің заңды құқығын бұзып, қызметін заңсыз тоқтату арқылы оған материалдық залал келтірген.

Прокурорлық ден қоюдың арқасында көрсетілген нысаннан шектеу шаралары алынып тасталып, кәсіпкер жұмысын жалғастырды.

Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

 

«Некесіз туған»: сәбиін аязда далаға тастаған әйел туралы тың дерек шықты

Қарағандыда қақаған аязда жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен тасжүрек ата-ана ұсталды. Отбасылы еркек пен жалғызбасты әйел некесіз туылған шақалақты бірге өсіргісі келмеген, деп хабарлайды  КТК телеарнасына сілтеме жасаған Qazaq.today агенттігі.

Ер адамның жасы 29-да. Ал бір баласы бар жалғызбасты ананың жасы 22-де. Отбасы бар еркек келіншектің көңілдесі екен. Сол себепті әйел баласын босанғанына 20 күн толмай жатып шақалақтан құтылауды құп көрген. Олар баланың өміріне қауіп төндіру бабы бойынша тергеуге алынды.

Естеріңізге салайық, өткен сенбі күні қаладағы үйлердің кіреберісінен тастанды шақалақ табылған болатын. Аязда тоңып қалған сәби дін аман. Осыдан кейін полицейлер жүктілікпен есепке алынған және жақын арада босанған аналарды түгел тексеріп шыққан. Араға төрт күн салып баланың безбүйрек анасы да, тасжүрек әкесі де ұсталды.

«Полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жұмыстардың нәтижесінде жас нәрестені далаға тастап кету бойынша күдікті 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы азаматша ұсталды. Оқиғаның толық мән- жайы анықталуда. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына сәйкес, жариялауға жатпайды», — деді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров. 

 

Ақтөбеде мектеп бухгалтері 400 млн теңге ұрлап, ақшаны құмар ойынға салып тастаған

[Басылымның хабарлауынша, бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Ақтөбедегі №55 мектебінің бас бухгалтері ұсталған. Қылмысын ол 2015-2023 жылдар аралығында жасап, жалпы шығын 413 миллион теңгені құраған. Жымқыру кезінде директордың электронды санды қолтаңбасы қолданылған. Ақыры, қылмысы ашылып, қаржыгер ұсталды.

Сотта істің таңғаларлық егжей-тегжейі айтылған. Мемлекет ақшасын ұрласа да бухгалтер байымай, букмекерлерге ставка жасап, бәрінен айырылған. Сотта оның жылдар бойы құмар ойынға тәуелді болғаны анықталды. Адвокаты жұмысқа орналасқанға дейін сотталушы құмар ойындардан зардап шегіп, несиеге батқанын айтқан.

Адвокаты сотталушының антикормен ынтымақтасқанын және соның арқасында басқа адамдарға қатысты құқықбұзушылықтарды анықтауға қол жеткізілгенін ескеру қажет екенін атап өтті.

Сот жарыссөзінде адвокат сотталушы психиатриялық аурумен (лудомания) ауырады деп мәлімдеді.

Бухгалтер ұрлық жасағанын мойындады, бірақ айыптау бабын қайта қарауды сұрап отыр.diapazonnews  басылымының хабарлауынша, сот әлі аяқталған жоқ.

 

Харьковты атқылаудан кейін ресейлік инженер өзін атып тастаған

Ресей Федерациясында «Алмаз-Антей» зымыран зауытының инженері  Антон Горобец Харьковтағы тұрғын үйге зымыран түскені үшін өзін атып өлтірді, — деп жазды ресейлік БАҚ. Белгілі болғандай, инженер өзіне қол жұмсау алдында хат қалдырған. Жазбасында ол «өзінің қолтаңбасы бар» зымыран екенін жазған. Ал ол үйде оның әжесі тұрған. Ол қаза болды.

«Бірнеше күн бұрын менің қолымнан өткен зымыран Харьковке, әжем тұратын үй аумағына қарай ұшып кетті. Артынша әжем қаза болды. Қазір болып жатқан оқиғалардың бәрі сұмдық, қорқынышты түс сияқты. Мен енді зымыран жасамасам да, әжемді қайтара алмаймын. Мені кешірші, енді мен өмір сүре алмаймын», — делінген жазбада.

 

 

Алматы облысындағы балабақшада сәбиді ер адам тістелеп тастаған

Алматы облысының Абай ауылында «Жәния» жекеменшік балабақшасында кішкентай сәбиді тістелеп тастаған, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

Зәбір көрген бала небәрі 1 жас 8 айлық екені хабарланды. Құқыққорғаушы Дина Таңсәріге жүгінген ата-ананың айтуынша, сәбиді ересек адам тістеген.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл деректі растады.

 

“Алматы облысы білім басқармасының берген ақпарынша, бейнебақылау камераларының материалдарын зерделеу кезінде факт расталды. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оқиға орнында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттің өкілдері де бар. Тексеру нәтижесіне сәйкес балабақша әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады”, – делінген хабарламада.

 

Сондай-ақ, Алматы облысының полиция басқармасы жекеменшік балабақшада болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

 

«Осы жылдың 16 тамызында Қарасай аудандық полиция басқармасында Абай ауылындағы балабақшалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың дене жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 141-бабы бойынша аудандық полицияда дереу тіркеліп, ювеналды полиция қызметкерлері тиісті тексеруді жүзеге асырды. Сонымен қатар тәрбиешіге қатысты ҚР ӘҚБтК 127-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды», — деп хабарлады ведомстводан.

 

Сондай-ақ аталған балабақша директорына қатысты ҚР ӘҚБтК 409-бабы 3-бөлігі бойынша облыстың білім басқармасына ұсыныс дайындалды. Полиция өкілдері өзге ақпарат жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесі бойынша қосымша ұсынылатынын атап өтті.

 

Qazaq.today