Владими Зеленский сонымен бірге Ресей армиясын «[Сума облысына] диверсиялық-барлау топтарын құруға үнемі күш салды» деп айыптады.
– Біздің шекаралас ауылдарымызда Ресей армиясы қирандыларға дейін өртеуге тырысады, — деді ол.
Украина президентінің айтуынша, ресейлік бомбалар «тек ауылдар мен қалаларды, азаматтық инфрақұрылымды» жарып жатыр.
Жақында Сумы облыстық әкімшілігі бір күн ішінде Ресей әскерлері аймақтың шекаралас аумақтарына 30 рет оқ жаудырғанын, 90 жарылыс тіркелгенін хабарлады.
Ресей әскерлері күн сайын Украина аумағына, соның ішінде азаматтық инфрақұрылым нысандарына соққы жасайды.
АҚШ әскери ұшақтардың көмегімен Газа секторының тұрғындарына әуемен гуманитарлық көмек жеткізу операциясын өткізді. Сыншылардың айтуынша, азық-түлікті парашютпен түсіру амалы жүк көліктерімен жеткізуден гөрі әлдеқайда тиімсіз. АҚШ-қа дейін Газаға басқа елдер әуеден көмек көрсетті, деп хабарлады ВВС.
БҰҰ мәліметі бойынша, үш америкалық C-130 ұшағы кемінде 576 мың адам ашығып жатқан аймаққа 38 мыңнан астам бір кісілік тамақ жеткізген. Контейнерлер парашютпен түсірілген. АҚШ президенті Джо Байден 1 наурызда Газаға әуе арқылы гуманитарлық көмек жеткізу жоспарын жариялаған болатын. Бейсенбіде Газа қаласында гуманитарлық жүк көліктерінің маңына жиналған 110-нан астам палестиналық қаза тапты.
Газаның ХАМАС бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігі болған оқиға үшін Израильді айыптады. Ал Байден ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыста уақытша атысты тоқтатуға қол жеткізу перспективаларына алаңдаушылық білдірді. Израиль өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.
«Олардың кейбіреуі (палестиналықтар) басқа газалықтарды аяусыз итеріп, тіпті таптап, гуманитарлық жүктерді ұрлай бастады. Осы келеңсіз оқиғаның салдарынан ондаған газалық қаза тауып, жарақат алды», — деді Израиль қорғаныс күштерінің өкілі Даниэль Хагари.
Оның айтуынша, «жағдай израильдік әскерилердің бақылауынан шығып кеткен».Бұл – АҚШ-тың Иордания Әуе күштерімен бірге жүргізген парашютпен гуманитарлық көмек түсіру операциясы Байден жариялаған алғашқы шара болды.
Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, 31 қаңтарда Жапонияның автомобиль өндірушілері қауымдастығы 2023 жылы жапондық автомобиль экспорты туралы деректерді жариялаған.
Атап айтқанда, 2023 жылы жапондық автомобиль экспорты 4,42 миллион көліктен асқан.
«Бұған дейін Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығының деректері Қытайдың автокөлік экспорты 2023 жылы 4,91 миллион дана болғанын көрсеткен. Бұл Қытайдың автокөлік экспортында алғаш рет Жапонияны басып озып, әлемдегі ең ірі автокөлік экспорттаушы болды дегенді білдіреді», – деп жазады «Жэньминь жибао».
Ресей дәрігерлері сәтті ота жасап, алматылық кішкентай қыздың қолындағы алтыншы саусақты алып тастады. Бұл туралы әлеуметтік желіде бала құқығы жөніндегі бұрынғы уәкіл Аружан Саин хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Дәрігерлер Қазақстанға келген
Саинның жазуынша, Н.И.Пирогов атындағы жоғары медициналық технологиялар клиникасының хирургтары мен анестезиологтары «ДОМ «Милосердие» қорының шақыруымен Қазақстанға келген. Білікті дәрігерлер екі бармағы бар қыз балаға, саусағы алып бар ұл балаға, сондай-ақ сирек кездесетін аяқ-қол ақауларына шалдыққан басқа да балаларға ота жасап, шеберлік сағатын өткізген.
Екі жасар Айсұлу (аты өзгертілді) полидактилияның күрделі түрімен, атап айтқанда қос бармақпен дүниеге келген. Бұл әр қолында алты саусақпен сипатталатын даму ақауы. Артық саусақты алып тастау — қолдардың эмбриологиясын терең білуді талап ететін күрделі процес. Операцияны Пирогов атындағы клиниканың (Санкт-Петербург) медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Заварухин қазақстандық әріптестерімен бірге өткізген.
«Бала бұл дертпен дүниеге келген, бірнеше рет тексеру жүргізіліп, үшінші саусақтың алыптығы және қан тамырларының ақауы деп болжам жасалған. Дертке дауа іздеген ата-ана талай ауруханаға жүгінгенімен дәрігерлер күрделі операцияны жасаудан тартынған. Кәсіби дәрігерлердің, сондай-ақ осындай мастер-класс өткізуге мүмкіндік берген бас серіктесіміз – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының арқасында Нұрәліге дер кезінде «алып жасушалы ісік» деген диагноз қойылды. Ол маңызды тамырлар мен жүйкелерге зақым келтірмей оқшауланды. Баланың өз ұлпаларын пайдалана отырып, тері ауыстыру операциясы жасалды», — деді «Добровольное общество «Милосердие» қоғамдық қорының директоры Аружан Саин.
Қайырымдылықты қалай жасауға болады?
Бес күннің ішінде ресейлік хирургтар мен анестезиологтар қазақстандық әріптестерімен аяқ-қолдың күрделі патологияларын емдеу мен түзетудегі баға жетпес тәжірибесін бөлісті. Айсұлу мен Нұрәліден бөлек басқа да күрделі ауруларға шалдыққан балаларға ота жасалды.
Сирек диагнозы бар, шұғыл емге мұқтаж балаларға көмектескіңіз келсе, www.detdom.kz сайтына кіріп, қайырымдылық жасай аласыз.
Финляндияның көші-қон қызметі 2023 жылдың аяғында Ресейден келген кез келген өтініш берушіге әлі де баспана бермеген. Бұл туралы 31 қаңтар күні YLE медиа компаниясы мәлімдеді.
Осы уақыт ішінде ведомство баспана беру туралы 70 өтінішті қарады, деді көші-қон органдарының өкілі Антти Лехтинен. Өтініш берушілердің шамамен үштен екісіне баспана берілуден бас тартылды, өтініштердің тағы үштен бірі жарамдылық мерзіміне байланысты жойылды, деп түсіндірді ол.
YLE жазғанындай, соңғы айларда Финляндияға Ресей арқылы 1300 адам баспана сұрап келген. Олардың 190-ға жуығы ұшты-күйлі жоғалғандар қатарында.
Ресей-фин шекарасындағы мигранттардың ағыны
Финляндия тиісті құжаттары жоқ мигранттардың ағыны аясында Ресеймен құрлық шекарасын толығымен жауып тастады. Хельсинки Мәскеуді үшінші елдердің азаматтарын шекарадан өтуге арандатты деп айыптады. Желтоқсан айының ортасында екі өткізу пункті жұмысын қайта бастады, бірақ бірнеше сағаттан кейін қайтадан жабылды. 2024 жылдың қаңтарында Хельсинкидегі билік Шығыс шекараның жабылуын 11 ақпанға дейін ұзартуға шешім қабылдады.
Мигранттар Ресей Федерациясының Финляндиямен шекарасынан өтуге тырысуда деді Финляндия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Элина Валтонен. ІІМ басшысы Мари Рантанен де осындай пікірде, алайда шекараның жабылуы Финляндияда тұратын ресейліктер мен қос азаматтығы бар адамдар үшін қиындықтар туғызатынын мойындады.