
Балаларды ұрған павлодарлық тәрбиеші жұмыстан босатылды
Сәбилер бақшасындағы балаларға асқан қатыгездік көрсеткен тәрбиешінің үстінен полицияға 10 ата-ана шағым түсірген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Өңірлік балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова тәрбиешіден жапа шеккен балалардың барлығы сот-сараптамалық сараптамадан өткенін мәлімдеді. Қылмыстық істің материалдары Полиция департаментінің анықтау басқармасына түскен. — Мекемеден алынған барлық видеоматериалдарды зерттеу жалғасып жатыр. Тәрбиешіден жапа шеккен…