
Алматыда қаскөйдің қолынан қаза тапқан күзетшінің отбасына күдіктінің жақындары ақша бемрек болған
Алматыда аса қатыгездікпен өлтірілген күзетшінің отбасына күдіктінің жақындары ақша бермек болған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Олар болған жайтқа өкінетінін айтып, кешірім сұрап келді, дейді марқұмның туыстары. Күзетшінің жақындары кешірім бермейтінін, кінәлі тараптан бірде-бір тиын алмайтынын айтты, деп хабарлады КТК арнасы. Телеарна мәліметінше, марқұм Нұрбол Қайыпбаевты үш баласы мен туған-туысы 31 наурызда ақтық сапарға шығарып салды….