Танымал актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов актер адам басшылыққа бармау керектігін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Актер «Базар like-қа» берген сұхбатында өнер адамының қызметте жүруіне қарсы екен жеткізді.
«Сабира Майқанова рөлді сахнаға алып шықпас бұрын, бір жеті қонаққа бармайтын, қонақ шақырмайтын, телефонның бәрін өшіріп тастап, сомдайтын рөлін бойына сіңіретін. Әйтпесе кешке дейін той басқарып келіп, қалай Гамлетті, қалай Абайды ойнайсың? Шаруа мен өнерді біріктірсең өнер болмайды. Ол – жылтыр дүние. Рөліңді сомдап, қайтадан директор болып отыра бересің бе сонда? Бұл – күшіңнің бәрі сол қызметке кетеді деген сөз», — деді ол.
Болат Әбділманов актер барлық энергияны өнерге салғаны дұрыс деп есептейді.
«Өнер қырандары» театрының актері Жанболат Найзабеков Атырау облысына қарасты Құлсары қаласына барып, туып-өскен үйінің суға кеткенін көрсетті.
«Балалық шағымның өткен жері ғой. Қара шаңырақ… Жүрек ауырады. Алла сабыр берші», — деді актер суға кеткен ауылын көрсетіп.
«Аллам жеңілдігін берсін бауырым», «Алла бәрімізге жар болсын, сол туып-өскен жердің осы күйге жеткендігі жанды жаралап тұр», «Балалық шағымыз өткен ауылымыз мынадай болады деп кім ойлаған. Алла сабыр берсін», «Туған үйге,туған жерге ештеңе жетпейді ғой. Әттең алдын ала қамданып жағдай жасаса ғой», «Жанболат бәрі жақсы болсын», — деп жазды желі қолданушылары
Айта кетейік, актер 1988 жылы Атырау облысы Жылой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. Бұл қала 5 сәуірде тасыған судың астында қалды. Соның салдарынан 2600 үйді су шайып, тұрғындар эвуакцияланды. Төтенше жағдай кезінде Құлсары қаласынан Маңғыстауға 18 391 адам тасымалғанғаны ресми айтылды. Бұл әзірге белгілі болған көрсеткіш қана.
Арқаның ардақты азаматы, ақын Сәттібай Жүнісов қайтыс болды.
Суық хабарды Теміртау қаласының әкімдігі хабарлады.
«Арқаның ардақты азаматы, ақын Сәттібай Жүнісовтың қайтыс болуына байланысты, жақындары мен туғандарына қайғыларына ортақ екенімізді білдіріп, көңіл айтамыз. Теміртау қаласында өтетін айтыстың шегерілгенін ескертеміз. Қосымша хабарлаймыз», — делінген хабарламада.
Сәттібай Темірғалиұлы Жүнісов 1981 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылында дүниеге келген.
1998 жылы Атасу орта мектебін тәмамдап, сол жылы Қарағанды мемлекеттік Е.А. Бөкетов атындағы университеті филология факультетіне оқуға қабылданып, 2002 жылы бітірген.
Студенттік мүшайралардың жеңімпазы.
Махамбеттің 200-жылдық мерейтойына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының жүлдегері.
Қ.Аманжоловтың 90-жылдық мерейтойына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының жүлдегері.
Бірқатар облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы болған.
Танымал ақын Серікбол Ермахан 17 жыл бойы тағдыр тәлкегіне түсіп, жаяу қой бағып жүр. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Massaget.kz.
Журналисттің айтуынша, ақынның жағдайы қазір өте нашар. Қазір қой бағып жүр. Мал иелері жмұысының ақысын бермей қойған.
Ол 1977 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Астана қаласындағы аграрлық университетте 1996-2000 жылдар аралығында білім алған. Республикалық газет-журналдарда тілші болып, авторлық кітабын жарыққа шығарған.
Ақынның басынан кешірген тауқыметі туралы «Көреміз» ұжымы бағдарлама әзірлеп жатыр. Жақында көрерменге жол тартады.
Үздіктер тізімін The Last of Us телехикаясының кейіпкері Педро Паскаль бастады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Педро Паскальдің жылдың басты жұлдызы болуы бекер емес. Себебі чилилік актер 2023 жылғы ең танымал екі телехикаяда ойнады – «Жұлдыздар соғысы» және «The Last of Us».
Екінші орынға актриса Мэри Элизабет Уинстэд жайғасты, ол «Disney+ «Асока» сериалында ойнады. Үшінші орында Мэрилин Монроны сомдаған актриса Ана де Армас тұр.
Төрттікке Дженна Ортега кірсе, алғашқы бестікті Белла Рамзи түйіндеді.
Ондыққа Марго Робби, Ребекка Фергюсон, Кэти Сакхофф, Карла Гуджино және Киллиан Мерфи енгенін атап өткен жөн.