
Бүгінге дейін Қазақстан Тәжікстанға 21 млн АҚШ долларын көмек ретінде берді
Фото: gov.kz Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Уалихан Төреханұлы 5 мың тонна мазутқа арналған сертификатты Тәжікстан Үкіметінің Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің басшылығына табыстады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Қазақстандық дипломат екі ел арасындағы стратегиялық қатынастар аясында Қазақстан тарапынан қанша көмек берілгенін атап өтті. «Екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастар аясында Қазақстан басшылығы Тәжікстан Республикасына 871,9 миллион теңге – шамамен…