Tag Archives: табыс

Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты 881 млн долларға жетті

Қазақстан Дубайда өтіп жатқан GITEX GLOBAL 2025 ірі әлемдік технологиялық көрмесіне цифрлық шешімдері мен стартаптардың басын біріктірген ұлттық павильонын ұсынды. Бастаманы ҚР сауда және интеграция министрлігі QazTrade-мен бірлесіп жүзеге асыруда. Павильонда жасанды интеллект саласындағы әзірлемелерді көрсететін 20 компания бар, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қатысушылар арасында жасанды интеллектті қолдана инсультті анықтау үшін дәрігерлерге көмектесетін Cerebra.ai және үшін, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында бейне-аналитика жүйесін дамытуға бағытталған BEST vision Technologie, қазақстандық білім беру сервистерін ілгерілететін BilimApp, аэроғарыштық технологиялармен жұмыс істейтін Ghalam және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін цифрлық шешімдер жасайтын Alaqan жобалары бар. Бұл компаниялардың барлығы әлемдік нарыққа шығуға ықпал ететін QazTrade «Экспорттық акселерация» бағдарламасына қатысушылар.

Қазақстандық IT-командалар БАӘ, Сауд Арабиясы және Катардан келген инвесторлармен және технологиялық компаниялармен кездесулер өткізіп жатыр. Мемлекеттік сервистер мен корпоративтік платформаларға отандық шешімдерді енгізу талқылануда.

Көрме аясында қазақстандық TrustMe компаниясы Дубайдағы Sogdians Venture Studio компаниясымен келісімге қол қойды. Олар қазір БАӘ мен Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка (MENA) нарығындағы TrustMe ресми өкілдері болып табылады.

Сонымен қатар, Blackstone AI компаниясы Family Eight Holdings Limited (БАӘ) компаниясымен Меморандумға қол қойды. Тараптар жасанды интеллект технологияларын интеграциялау, жаңа өнімдерді бірлесіп әзірлеу және шетелдік нарыққа шығуды кеңейту саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласты.

 

«GITEX мемлекеттік делегациялар мен технологиялық корпорацияларды қоса алғанда, 170-тен астам елдің қатысушыларын біріктіреді. Көрмеге қатысу қазақстандық IT-компанияларды халықаралық нарықтарға ілгерілету үшін стратегиялық қадам болып отыр. Қазақстан шикізатты ғана емес, зияткерлік өнімдерді де экспорттайтын ел ретіндегі орнын нығайтуда. 2024 жылы Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты 20,3% — ға ұлғайып, 881 млн долларға жетті», – деп атап өтті Qaztrade басқарушы директоры Айнұр Әмірбекова.

 

Қазақстанның GITEX-ке қатысуы мемлекет Басшысының 2025 жылғы Жолдауында белгіленген басымдықтарды көрсетеді, онда ол «жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар елдің экономикалық өсуі мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің жаңа драйвері болуға тиіс» деп атап өтті.

Тағы бір петиция: Бір топ қазақстандық жалпыға бірдей декларацияға қарсы шықты

Қазақстандықтар келесі жылы декларация тапсырмауы мүмкін. Себебі елде цифрландыру жұмыстары жүргізіліп, халықтың табысы туралы деректерді онлайн алуға мүмкіндік бар. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Өткен аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жалпыға бірдей декларациялаудың келесі кезеңін өткізуді қайта қарастыруды тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, цифрландыру ісі дамыған заманда қазақстандықтардың құжат толтыруы орынсыз.

Қазақстандықтар жалпыға бірдей декларацияға қарсы петицияға қол жинап жатыр. Олар жеке және заңды тұлғалардың кірісі мен шығысын есептеудің қажеті жоқ деп санайды. Петиция авторлары халықтың табысының көп бөлігін күнделікті қажеттіліктерге жұмсайтынын айтады.

«Қарапайым халықтың жасыратын несі бар? Ешкім табысы туралы ештеңені жасырмайды деп ойлаймын. Керісінше, әкімдер мен биліктегілер кіріс-шығыстарын ашық көрсетсін», — дейді тұрғындардың бірі.

Петиция авторлары алдымен салық заңнамасына түзетулер енгізу қажет деп есептейді. Өйткені декларациялау талабы мен қолданыстағы салық заңнамасы бір-біріне қайшы келеді.

«Мемлекеттік органдардың барлық қызметі цифрландырылған. Елдегі қолма-қол ақша айналымы 86%-ға жетті. Шетелдік ұйымдармен келісімдер бар. Сол арқылы жеке тұлғалардың есепшоттарындағы деректерді ала аламыз. Мемлекеттік кірістер комитеті президенттің 4 кезеңдегі декларациядан босату туралы тапсырмасын орындауға дайын», — деді Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың соңғы кезеңі басталуы керек еді. Онда барлық азаматтар табысы бойынша есеп беруі тиіс. Қазір петицияға бес жүзге жуық адам қол қойған. Құжат елу мыңнан астам қол жиналған жағдайда ғана қаралады.

2025 жылы қазақстандықтардың жалақысы өсе ме?

Қазіргі күні еліміздегі ең төменгі еңбек ақысы — 85 мың теңге. Алдағы жылы да осы мөлшерде қалады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, қазір ведомство ең төменгі жалақыны тағайындаудың жаңа әдісін іске асырып отыр.

«Ең төменгі жалақыны есептеудің жаңа методологиясын әзірледік. Медиандық еңбекақы мен ең төменгі еңбекақы көрсеткіштерін салыстырғанда 34 пайызды құрайды. Бірақ кейбір жұмыс берушілерде ол 9 пайыздан аспайды. Ұжымдық келісімшарттардың ішінде ең төменгі жалақы мен медиандық жалақыны салыстырып, 9 пайыздан 34 пайызға дейін арттыру туралы болжам жасап отырмыз. Осылайша қазақстандықтардың жалақысын көтереміз», — деді ол.

Зарина Омарова 18 жасында күніне алты тойға шығып, бір тойдан мың доллар алғанын айтты

Танымал әнші Зарина Омарова бала кезінен бастап өнер жолындағы жетістіктерін баяндап берді. Ол алғашқы табысы туралы да сөз қозғады, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Марат Омаровтың қызы мектеп бітірген тұста өте танымал әрі табысты болғанын есіне алды.

«18-19 жасымда бір күнде алты тойға шығатынмын. Әр тойға шығатын гонорарым мың доллар еді. Ол кезде бүкіл жерде мен хитпін. «31 арна», Hit TV бәрінде мен жүретінмін. «Алғашқы махаббат» әні шықты. Ерекше бейнебаянды Ташкентке барып, 20 мың долларға түсірдік. Сондай бір керемет кез еді. Ол кезде қыз әншілер, жас әншілер аз болатын. Дильназ екеуміз бар едік. Мадиналар енді-енді өнерге келе бастаған кез. Мен «Әнші балапаннан» бастап, «Жас қанат», «Азия дауысы» деген бүкіл конкурсқа қатыстым», — деп өнер жолын қалай бастағаны туралы айтып берді әнші.

Зарина Омарова ол кездегі режиссерлер өте қатал болғанын айтып, есіне алды.

«17 жаста аяғым дірілдеп, кекілім мынадай, байқауға қатысатынмын. «Өзіңді көрсет» деп айқайлап ұрсатын. Соның бәрі маған үлкен мектеп болды. Қазір жас әншілерге өзімше болып ақыл айтамын. «Егер біреу ұрысса, оған ренжіп қарауға болмайды» деймін. Сын айтылса, керісінше, рақмет айту керек», — деді ол.

Фото: «Мамский әңгіме» подкастынан скриншот

Үкімет халықтың кедейлігін мойындағысы келмейді — Мақсат Халық

Белгілі экономист Мақсат Халық Qasqa Jol ютуб-арнасында қонақта болып, ел экономикасында болып жатқан біраз дүниеннің бетін ашты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Эконмистің айтуынша, ел халқының материалдық жағдайы күн өткен сайын төмендеп, азаматтар кедейленіп бара жатыр.

«Қазақстанның халқы — кедей, өзі — бай ел. Бұл тіркес бүгінгі күннің ақиқаты болып отыр. Бірақ халықтың кедейлігін Үкімет мойындағысы келмейді. Елімізді орта державадағы мемлекет деп атайды. Бұлай айтуы идеологиялық тұрғыда дұрыс шығар. Ал халықтың өмір сапасына қарайтын болсақ, азаматтарымыздың төлем қабілеті жыл сайын нашарлап жатқанын байқаймыз. Осыдан 1-2 жыл бұрын жалақыға бір дүние сатып ала алатын болса, қазір жалақыларына дұрыс күн көре алмайды. Халықтың қазіргі жағдайы осындай. Одан кейін жұмыспен қамту мәселесі де әлі бір жолға қойылған жоқ. Жұмыссыздардың саны Үкімет есебі бойынша бір басқа, нақты жұмыссыздар саны бір басқа. Статистикада жұмыссыздарды 5% деп көрсетеді, ал Президентіміз 9% деп айтты. Сонда Президенттің өзі статистикаға күмәнмен қарап отыр. Сол үшін реалды түрде жұмыссыздардың санын нақты анықтап алу керек. Өйткені жұмыспен қамту орталықтарына барып тіркелмегендердің саны қаншама. Шенділер есеп бергенде халықтың табысы артып жатқанын айтады. Бірақ ол — атаулы жалақы. Ал нақты жалақы сіз өткен жылы алған 300-400 мың теңге ақшаңызбен осы жылы қандай да бір заттар ала аласыз ба деген нақтылықты көрсетеді. 5%-ға айлықтың өскенін көреміз, ал азық-түлік бұл ретте 10%-ға өсіп жатыр. Бейресми статистикада бұл өсім одан да көп. Азаматтардың табысы қымбатшылықтың артынан қуып жете алмай келе жатыр», — деді Мақсат Халық.

Білікті экономистің сұхбатын толық көру үшін төмендегі видеоға басыңыз немесе сілтеме арқылы өтіңіз: «Ұрланғаны 200 млрд $, сыртқы қарызымыз 163 млрд $» — Мақсат Халық