Шымкентте апатты шатырлар мәселесі ушығып тұр: көпқабатты үйлерді су басуда
Шымкент қаласының Қаратау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде әрбір жауын-шашын кезінде шатырдан су ағып, пәтерлер мен кіреберістерге айтарлықтай зиян келіп жатыр, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Әлеуметтік желілерде тараған бейнематериалдардан қабырғалардың дымқылданып, көгергенін, ал судың электр сымдарына дейін жеткенін байқауға болады. Тұрғындардың айтуынша, бұл проблема бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Олар жауапты органдарға…
