Петропавлда 17 жастағы колледж студентін пышақтап кетті
Петропавлда 17 жастағы жасөспірім жанжал барысында пышақ жарақатын алды, деп хабарлады СҚО полиция департаменті. Петропавлдағы колледж жатақханасында оқушылар спирттік ішімдік ішіп, арты жанжалға ұласқан. Соның салдарынан 17 жастағы жасөспірім қолынан пышақ жарақатын алған. «Ұрыс-керіс құрдастар арасында шыққан. Олардың барлығы бірінші курс студенттері. Қазіргі уақытта Петропавл қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері істің мән-жайын анықтап…