Қазақстанда қонақ үйлердің сапа стандарттары жаңаша бағаланады
Сурет: pixabay.com Қазақстанда қонақ үй қызметінің сапасын арттыруға бағытталған маңызды өзгерістер күтілуде. 2025 жылы Туризм және спорт министрлігі қонақ үйлерді классификациялау жүйесін түбегейлі жаңартуды қолға алды. Бұл бастама елдегі туристік инфрақұрылымды халықаралық стандарттарға жақындатуды көздейді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, қолданыста болған талаптар уақыт талабына сай келмей, өзектілігін жоғалтқан. Осы себепті қонақ үйлерді…
