Tag Archives: sport

Қазақстанда алғаш рет таеквондодан әлем чемпионаты өтеді

Фото: olympic.kz

24-30 қазан аралығында өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның намысын 16 таеквондошы қорғайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қазақстанда таеквондодан 2027 жылғы әлем чемпионаты өткізіледі.

Бұл шешім бүгін Қытайдың Уси қаласында Дүниежүзілік таеквондо (WT) федерациясының әлем чемпионаты аясындағы жиынында ресми түрде жарияланды.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Дүниежүзілік федерацияға мүше елдердің өкілдері Қазақстанның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

“Олар Астанада өткен халықаралық турнирлердің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті”, – деп жазылған хабарламада.

Алдағы әлем чемпионаты Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет өтпек. Федерация турнирді Астанада ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, қазіргі таңда Уси қаласына әлемнің 179 елінен 991 таеквондошы 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін жиналды.

Геннадий Головкин жас спортшыларға қолдау көрсетіп, сүйіспеншілікке бөленді (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Атақты боксшы Геннадий Головкин Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына қатысып жатқан қазақстандық спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

GGG әйелдер гандболы бойынша Қазақстан құрамасымен жүздесіп, оларға сәттілік тіледі және өз тәжірибесімен бөлісті. Спортшылар әйгілі чемпионмен кездесуден ерекше әсер алғанын жасырмады.

Кездесу Азия ойындары аясында өтті. Іс-шара спортшылардың рухын көтеруге бағытталған.

19 жастағы футболшы Диас Төлеу ойын кезінде есінен танып, көз жұмды

Қаралы хабарды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі таратты.

Қазақстан футбол федерациясы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды.

 

«Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады», – деп жазылған хабарламада.

 

Қайғылы жағдай Бірінші лигадағы «Хан-Тәңірі» мен «Екібастұз» арасындағы ойында орын алды.

Диас Төлеу ойын кезінде кенеттен есінен танып, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, 3 сағаттан соң көз жұмды.

Айта кетейік, Диас Төлеу «Қайрат» клубының түлегі еді. Биылғы маусымда «Хан-Тәңірі» сапында 25 ойын өткізіп, 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

 

«Дала Қырандары» тозығы жеткен спорт алаңдарын қайта жандандыруда (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Салауатты ұрпақ – ауладан басталады! 2022 жылы «Дала Қырандары» жастар бірлестігі #жаттығу республикалық науқанын бастаған еді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Биыл бұл игі іске еліміздің 20-дан астам қаласының жастары қосылып, тозығы жеткен спорт алаңдарын қалпына келтіріп жатыр. Қырандар ескі алаңдарды жөндеп, оларды өз қамқорлығына алды. Мақсат – жастарды спортқа баулу, дені сау ұрпақ тәрбиелеу және қала мен ауыл өміріне сергектік енгізу.

Дені сау қоғам – белсенді жастардан құралады!

Әбиба Әбужақынова ел білмейтін құпиясын айтты

Фото: Спорт және туризм министрлігі 

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында не себепті бесінші орын алғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

”Олимпиада ұтылып қалып, бесінші орын алғаннан кейін спортты қоямын деп ойладым. Ақталу да емес, бірақ испан қызына ұтылған кезде миым шайқалған. Ары қарай үшінші орынға күрескен сәтімде ағзам сезбеді. Сол кезде мәжбүрлі түрде ұтылдым. Күресе алмағаным қатты мазалайды. Жанымда болған бапкерім, дәрігерім білді. Халық та, басқа ешкім де білген жоқ. Олимпиаданың алдында Дохада өткен әлем чемпионатында тіземді ауыртып алғам. Сол тіземді қатты байлап тастағыны да маған кедергі жасап тұрды. Камерадан сол жарақатым сезілгені көрініпті. Олимпиададағы жеңілістен кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат бермей, қашып келе жатып, Qazsport-қа “Қазақ халқынан кешірім сұраймын, мен медаль ала алмадым. Медаль қарыз едім” деп қысқа ғана сұхат бергем. Сол сөзім тарап кетіп, халық жақсы қолдау көрсетті. Келесі күні келген хабарламалардың көптігінен телефоным қатып қалды. Мен үшін өлең шығарғандар да болды. Қазақстанға келгесін бірінші көлікті депутаттар берді. Сосын Атыраудағы бір компания Zeekr көлігін берсе, “Жеңіс” клубы үшінші көлігімді сыйлады”, — дейді ол.