Tag Archives: сот үкімі

Рүстем Жүгінісовке қатысты сот үкімі шықты

Фото: видеодан алынған кадр

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот әнші Рүстем Жүгінісовке 79 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сотта әншінің айтқан екі пікірі қаралған.

2023 жылғы 31 желтоқсанда Жүгінісов TikTok-та «Жаңа жылды тойлау керек пе?» деген сұрақ қойып, «пайғамбар да, ата-бабаларымыз да бұл мейрамды тойламағанын» айтқан.

Екіншісі — Ақтөбедегі мешіт оқиғасы. Әнші әлеуметтік желіде тараған видеоны талқылап, онда ер адам «бір реттік неке» ұсынған қызды айыптап, әйелдердің мешітке тек әкесі не бауырының еріп баруымен келуін жөн көретінін айтқан болатын.

Сараптама мұндай пікірлер қоғамда діни алауыздық туғызуы мүмкін деген баға берген.

Осыған байланысты Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот әнші Рүстем Жүгінісовті Әкімшілік кодекстің 453-бабына сәйкес кінәлі деп танып, оған 78 640 теңге айыппұл салды.

Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: Cанжар Мустафин/Tengrinews.kz

 Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сот үкімі бойынша Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды, ал анасы Гайни Алашбаева 7 жылға сотталды.

Cонымен қатар, Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаеваның мүлкінен 50 азаматтық талап-арызды қанағаттандыру үшін 1,5 миллиард теңге өндіріледі.

Олардан тәркіленетін мүлікке коттедж, төрт пәтер, «Мерседес» көлігі, гүл бизнесі және 97 миллион теңге көлеміндегі ақша қаражаты кіреді.

Естеріңізге салсақ, прокуратурорлар Қайратқа 10 жыл, Алашбаеваға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.

Оларға мүгедектігі бар балаларға, Таяу Шығыста зардап шеккендер мен Қазақстандағы су тасқынынан жапа шеккендерге көмек жинауға байланысты айып тағылған.

Аса ірі көлемде алаяқтық пен ақшаны заңдастыру дерегі бойынша айыпталып отыр.

Актөбеде квартирант үй иесін балғамен ұрып өлтірген

Ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Актөбе қаласында адам шошырлық оқиға орын алды. Үй иесінің дөрекі сөздеріне шыдамаған квартирант оны балғамен аяусыз ұрып өлтірді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қылмыс қалай орын алды?

Тергеу материалдарына сәйкес, 54 жастағы ер адам танысының үйіне барып, жалға тұруға келісім жасаған. Алайда, келесі күні екеуі бірге ішімдік ішіп, арты қайғылы оқиғаға ұласқан.

Масайған үй иесі квартирантқа балағат сөздер айтып, дөрекілік танытқан. Ашуға булыққан ер адам қолына балға алып, оның басына бірнеше рет соққы жасаған. Алайда, бұл оған аздық еткендей, ол ас үйден пышақ алып, ер адамның кеудесіне сұғып алған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Сот үкімі қандай болды?

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін жартылай мойындаған. Ол үй иесін тек қорқытқысы келгенін, алайда не болғанын толық есіне түсіре алмайтынын айтқан. Сондай-ақ, денсаулығында бұрын инсульт болғанын және есінен уақытша айырылатын кездері болатынын алға тартқан.

Дегенмен, сот қасақана адам өлтіру бабымен оны 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Бұл қайғылы оқиға қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, ішімдіктің және ашу-ызаны бақылау мәселесінің өзектілігін тағы бір рет дәлелдейді.

Шымкенттің «ең адал полицейі» жеті жылға сотталды

Шымкентте «ең адал полицей» атанған Азамат Айымбетовке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Азамат Айымбетовке 26 маусымда үкім шықты. Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі “Бопсалау арқылы пара алу” бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны жеті жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Полицейдің адвокаты Талғат Есімов сот үкіміне шағым жасайтынын атап өтті.

Азамат Айымбетов 13 маусымда сотқа тартылды. Тергеу мәліметінше, ол әкімшілік жауапкершілікке тартпаймын деп жүргізуші мен оның құрбысынан ақша алған. Іс материалдары бойынша ол 700 мың теңге сұратқан.

Фото: stan.kz

«Шындық ешкімге керек емес»: Бишімбаев сот үкімімен келіспейді

Бұрынғы ұттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астана сотында өткен апелляциялық отырыста сөз сөйледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Алайда Бишімбаев сөзін небәрі 42 секундта аяқтады. Азаматтық әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр оған негізгі сот талқылауы кезінде өзін қорғауға мүмкіндік берілмеді деп санайды.

«Айтылғанның бәрін мен қолдаймын. Маған дәлел келтіруге мүмкіндік берілмеді, мен бұл туралы сот барысында бірнеше рет айттым. Маған іс материалдарымен нақты танысуға рұқсат етілмеді. Рас, мен мұны түсіндім, ешкімге шешім қажет емес, алдын ала шешім қабылданып қойған», — деді ол.