Қазақстандық спортшы каратэден әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: ҰОК Қазақстандық карате шебері Софья Берульцева Мысырдың Каир қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Ұлттық Олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында Берульцева Германия өкілі Йоханна Кнерге қарсы татамиге шыққан. «Шешуші айқас нәтижесінде неміс спортшысы басым түсіп, Софья жарысты күміспен қорытындылады», – делінген ресми мәліметте….
