Tag Archives: Шымкент

Шымкентте қайтыс болған адамның денесін алу үшін пара сұраған

Фото: Видеодан алынған кадр

Шымкентте морг қызметкерінің мәйітті беру үшін 35 мың теңге сұраған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Марқұмның туыстары бұл жағдайды видеоға түсіріп, құқық қорғау органдарына жүгінген. Соңғы жылдары мұндай жағдайлар елдің әр өңірінде тіркеліп келеді.

Бұл — саланың жүйелі түрде бақылаудан тыс қалғанының айғағы. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі жемқорлық адам өмірінің соңғы сәтін де табыс көзіне айналдырғандай әсер қалдырады. Қоғам сенімі жоғалған жерде өлімнің өзі саудаға түсіп жатыр.

Шымкенттегі ауруханада науқастар еденде жатыр

Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасында әйелдер мен балалар да бар науқастар дәліздің еденінде ем қабылдап жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді. Кадрлар көпшіліктің ашу-ызасын туғызды.

Алайда қала әкімдігі бұл жағдайды «нормадан тыс емес» деп мәлімдеді.

Шенеуніктердің айтуынша, аурухана ғимараты қазіргі уақытта жөндеуде. Ал науқастарды дәлізге уақытша орналастыру — «жаппай түскен пациенттер кезінде рұқсат етілетін» тәжірибе. Мұндай шешім, ведомствоның дерегінше, санитарлық нормаларға қайшы емес және Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен реттелген.

Пікір қалдырғандар мұндай жағдайды адамгершілік пен кәсіби этикаға сай емес деп сынауда.

«Неліктен жөндеуді дәл күзгі маусымда бастады? Басқа ауруханаларға уақытша көшіруге болмас па еді?» — деп жазады қолданушылардың бірі.
«Бөлім толып кетсе де, адамдар еденде емес, кем дегенде кушеткада жатуы керек қой!» — деп пікір қалдырған тағы бір тұрғын.
«Министрдің өзі осындай жағдайда жатса, не істер еді?» — деп ашуланды тағы бір желі қолданушысы.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы болса, «ешқандай заң бұзушылық жоқ» деп сендіріп отыр. Ал қоғам белсенділері мен журналистер бұл оқиғаға байланысты жедел тергеу жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етуде.

Шымкент тұрғыны бәстесемін деп 26 қалам жұтып, ауруханаға түсті

Фото: Pixabay

Оқиға қала тұрғыны досымен бәстесіп, бірнеше қаламды бірінен соң бірін жұтқаннан кейін болған. Біраз уақыт өткен соң оның асқазаны мен ішек тұсы қатты ауырып, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

38 жастағы науқасты тексеру кезінде дәрігерлер оның асқазанынан көптеген бөгде зат тапқан. Мамандар эндоскопиялық (тілусіз) ота жасап, барлығы 26 қаламды сәтті алып шықты.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол бақылаудан кейін үйіне жіберілді.

Дәрігерлер азаматтарға денсаулыққа қауіп төндіретін әрекеттерге бармауды және бөгде заттарды әдейі жұтпауды ескертеді.

«Газдан уланған»: Шымкентте үндістандық студенттерге пәтерін жалған берген үй иесі сотталды

Фото: Pixabay

Шымкентте 2 адамның өліміне әкелген газ жабдығын орнату кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу ісі бойынша сот үкімі шықты. Айыпталушы «Қарасу» шағынауданындағы пәтеріне «Газ және газбен жабдықтау туралы» заң талаптарына қайшы келіп, қауіпсіздік нормаларын бұза отырып, газ су жылытқыш орнатқан, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Соған қарамастан, 2024 жылдың тамыз айында үй иесі пәтерін Үндістаннан келген 5 студентке жалға берген.

1 ай өткен соң 2024 жылдың қыркүйегінде, жалға алушылардың екеуі, 21 және 22 жастағы студенттер, істен шыққан жылытқышты қосқан кезде көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болған.

Тергеу барысында пәтер иесінің қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын білген, бірақ соған қарамастан жабдықты пайдалануға рұқсат еткені анықталды.

Сотта ол кінәсін мойындап, жазасын жеңілдетуді сұрады.

Прокурор оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде өтеуді сұрады.

Сот әйелдің кінәсін мойындағанын, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғанын және зейнет жасына жеткенін ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Нәтижесінде сот оны Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетіп, абайсызда екі адамның өліміне себеп болғаны үшін кінәлі деп таныды.

Айыпталушыға төрт жыл шартты жаза тағайындалды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Шымкентте әкімдік уәдені тағы ұмытты: халық 1 жыл жарықсыз отыр

Шымкент тұрғындары әкімдікке тағы да ашулы. Еңбекші ауданындағы Садық Оспанов көшесінде бір жылдан бері жарық шамы жанбай тұр. Жергілікті халық бұл мәселені талай рет көтергенімен, әкімдіктің уәдесі орындалмады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жауапты мекеме мен басқарма басшысы Әділет шамдарды қосамыз деп сендірген. Бірақ уақыт өтті, нәтиже жоқ. Қараңғылықта жүрген тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы.

Қарапайым халық «осы мәселені шешуге неге сонша уақыт керек?» деп сұрайды. Бір жылда әкімдік жарықты қосуға шамасы жетпесе, халықтың сенімін қайтіп ақтамақ?

Бұл — тек бір көше ғана емес, қаладағы жүйелі мәселенің айнасы. Халық билікке сенім артып отыр, ал әкімдік болса бос сөзге әуес болып қалғандай.