Tag Archives: шоубизнес

«Халық неге қатыгез болып кеткен?!»: Әнші Бүркіт елге ренішін білдірді

Фото: https://vk.com/id77351811

Атақты әнші Бүркіт халықтың мәдениеті мен бір-біріне сыйластығы жоқ екенін сынады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесі көлікте ашуланатын жолаушыларды да атап өтті.

“Менің айтайын дегенім, халық неге қатыгез болып кеткен?! Машинамен балаңды, туған-туыстарды тасисың. Мектепке әкелген кезде кептеліс жасамау үшін ыңғайланып тұруға әрекет жасап жатасың. Бірақ артыңдағы көлікке кедергі болып қаласың. Сол кезде күтпей, айқайлап, сигнал басып жатады. Терезесін ашып, сенімен ұрысқысы кеп тұрады. Көзі аларып тұрады. Бір-бірімзге құрмет, сабыр қайда?! Сыйластық керек қой?! Мен күлем де қоям. Басқа ештеңе істей алмайын”, – деп жазды әнші.

 

«Жалғызым едің…»: Тоқтар Серіков жақын адамынан айырылып, көңіл босатты

Фото: Instagram.com/toktar.serikov

Қазақ эстрадасындағы танымал әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі жеке парақшасында отбасының басына түскен сынақ туралы жазып, оқырмандарының көңілін босатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол нағашы ағасы мен анасының суретін қатар қойып, ішіндегі мұңын өлеңге сыйдырған.

«Нар тұлғалы, жанашырым нағашым,
Жүрегімде анам үшін дарасың,
Сенде кеттің, бұл өмірден қош айтып.
Жас толтырып екі көздің, қарасың.

Айнымаған анашымнан жалғызым,
Шырылдайды көкірегімде жалғыз үн.
Кемесіне отырғызып келместің,
Боздап қалды жалғыз ұлмен бар қызың», — деп жазған Серіков.

«Концерттерімнен бас тартамын деп ойладым» – Толқын Забирова анасының қазасы жайлы

Фото: @tolkyn_ zabirova

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова әлеуметтік желідегі парақшасында жақында дүниеден озған анасы жайлы жантебірентерлік жазба қалдырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Сүйікті менің оқырмандарым! Жақында отбасымда болған қайғылы жағдайды естіген боларсыздар… Осыған байланысты жоспарланған концерттерімнен бас тартамын деп ойладым. Бірақ жақындарым мен ұстазым Бибігүл Ахметқызының әңгімесінен кейін қаншалықты қиын болса да, концертті жоспар бойынша жасауды шештік», — деп жазды өнер иесі.

Толқын Забирова анасы өмірді сүйіп өткенін, бұл қасиет өзіне де дарығанын атап өтті.

«Анамның арманы осы концертті көру болды. Сондықтан анашымның арманын орындап, тағзым етіп, анама арнаймын. Баланың бағы жанса – ана бақытты. Өнер жолымдағы әр қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісті. Әр бағындырған шыңыма баладай қуанды. Менің ақ періштем, менің қанатым, досым, серігім, жанашырым, қолдаушым, қорғаушым! Сен мәңгі менің жүрегімдесін. Бұл концерт өзіңе арналады. Менің қасымда болатыныңа, қолдайтыныңа күмәнім жоқ», — деп толықтырды әнші.

Ол бақытты өмір сыйлағаны үшін анасына тағзым етіп, рақметін айтты.

«Өз көрерменімді 17 қазанда Алматы қаласы Республика сарайында, 23 қазанда Астана қаласы Бейбітшілік пен Келісім сарайында күтемін!», — деп түйіндеді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

«Жаның жұмақтың төрінде шалқысын»: Толқын Забирова жақынынан айырылып қалды

Фото: @zabirova

Танымал әнші Толқын Забирова әлеуметтік желіде анасынан айырылғанын айтып, суық хабар жеткізді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Әнші бұл туралы өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Анашым… Жұмағым… Өмір – сынақ, ештеңе мәңгі емес.

Кішкентай ақ періштем менің, сен мәңгі менің жүрегімдесің!

Біз сені жақсы көреміз, жаның жұмақтың төрінде шалқысын», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің анасының өмірден озуына байланысты көңіл айтып, өнер иесіне қолдау көрсеткен. «Анаңыздың жатқан жері жарық болсын, иман байлығын берсін», «Бекем болыңыз, анаңызға қатты ұқсайды екенсіз», «Иманды болсын» деп жазды олар.

«Үш жылда – 3 бала»: Дина Төреәлі жүктілігін жариялаймын деп қызу талқыға түсті

Танымал блогер Дина Төреәлі халықтан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Желі жұлдызы үшінші перзентіне жүкті екенін көрсетті.

“Алланың ең әдемі сыйы – жүрегімнің астында тағы бір жүрек соғып тұрғаны. Бақыт үш есе артты. Шүкір», — деп жазды Дина Төреәлі.

Одан кейін әпкесі, блогер Фариза Төреәлі де сіңлісіне қолдау білдірді.

“Раббым дені сау, саналы, салихалы ұрпақ нәсіп етсін!”, – деді Фариза.

Алайда желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі жүкті ананы қолдаса, енді бірі денсаулыққа зиян келетінін ескертті.

“Үш жылда – 3 бала, не деген батылдық», «20 жасында жоғары білім алмай, үшінші бала туу керек пе?! Анаға денсаулық тілеймін. Бірақ жас қыздар өздерін тек бала туатын инкубатор ретінде көрмей, Алланың бойына берген талантын, білімі мен қасиеттерін дамытып, тұлға болып қалыптасып, 25 — 28 жастарында ғана отбасын құрып бала туса жақсы болар еді», «Динаны “туғыш әйел” ретінде көретін едім», «Күтімі бар, үйлерінде күтушісі бар, денсаулықтарына жақсы қарайтын, қаржылай қиындығы жоқ осындай отбасында қайта бала көп болса жақсы ғой», «Отбасында жалғыз ұл ғой жолдасы дұрыс тұқымын көбейтсін, аман-есен босанып алсын», “2022 жылы тұңғышымды дүниеге әкелдім. Екіншісін әлі ойланып жүрмін”, – деп жазды олар.