Tag Archives: шоубиз

«Тентек қыз болдым, қазір «тема» келіншекпін»: Ерке Есмахан күйеуін қалай қаратып алғанын айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол боқтайтынын, тентентігін жасырмай ашық айтты.

«Менің бүкіл натурамды білетін күйеуім ғана. Боқтамаймын деп қазір сіздерді алдасам ол күлер бетіме. Қыз жігіт болып жүргенде неше түрлісін жасағам еркеліктің. Майысып, оған ұнағым келіп ештеңе істемеппін. Керісінше шынайы Кіші жүздің духы мықты, тентек қызы болдым. За то қазір тема келіншекпін», — деп жазды ол.

Сондай-ақ ол Раймның Ерке туралы айтқан видеосымен бөлісті. Райм қыз жігіт болып жүріп жүргендеріндегі Еркенің жасаған қылығын айтып берген.

«2017 жылдары қыз жігіт болып жүргенде «Қызық премияға» бір сағат қалғанда екеуміз ұрысып қалдық. Мен жарайды енді қыз баласы ғой деп сахнаға шыққанда әнімді Еркеге қарап айтып, соған арнағанымды білдірдім. Бір кезде ол маған қарап тұрып ортаншы саусағын көрсетті. Менің түрім кетіп қалды сол жерде бірден», — деді Райм.

«Маған туған жерім риза! Шүкір!»: Тамара Асар өзін сынағандарды жауап берді (ФОТО)

Фото: Ақорда

Президент қолынан марапат алған Тамара Асар ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Сынақтан кейін, СЫЙ алған күн… Алланың бұйыртқаны осылай екен. Бергенін жақсылығымен, қайырымен берсін. Ардақты АҒАЙЫН! Мені “Қазақстанның Халық әртісі” марапатыммен құттықтап жатқан қалың ел ҚАЗАҒЫМА бас идім. Құттықтаған жандардың әрқайсысының кеудесінде осындай алтын жұлдыз жарқырасын, — деді «Халық әртісі».

Сондай-ақ ол 25 жылы өнерге адал қызмет еткенін, бұл атаққа лайық болғандығын жаза кетті.

“Бұл қалай алды,не үшін алды?” — деген оймен, оған жақ пен тілге жағымсыз сөз қосқан жандар да менің сүйікті көрерменім.
Оларға түсіндіре кетейін: Мен Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында қызмет етіп келе жатқаныма 25 жыл.
Маңғыстаудың тышқан мұрны қанатқан бір мерекесінен қалып көрмедім. Берілетін мемелекеттік айлыққа қанағат етіп, барлық шарасына шақырса да, шақырмаса да өзім барып, әлі күнге қатысамын. Жаңа костюм, жаңа репертуар барлығын бұлжытпай орындауға тырысамын. Маған туған жерім риза! Шүкір», — деп жазды Тамара Асар.

«Кітабын да оқыдым, видеосын да көрдім»: Жұлдыз Өмірғали босанған соң фильм түсіретінін айтты

Фото: zhuldyzomirgali_official

Танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали кино саласына бет бұратынын айтты, – деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Адам әрқашан өзіне мақсат қойып, сол арманына жеткісі келеді ғой. Аман-есен баламды дүниеге алып келгеннен кейін кино түсіру жоспарымда бар. Қазір сценарий жазу процесіндемін. Жарты жылдан асты қалай сценарий жазу керек екенін зерттеп жүрмін. Кітабын да оқыдым, видеосын да көрдім», — деді Жұлдыз Өмірғали.

Желі қолданушылары АйқынТөлепбергеннің әйелінің бұл бастамасына қатысты түрлі пікір жазды.

«Сөздік қоры аз екен», «Қойшы, айналайын. Енді сен қалып едің кино түсірмеген», «Бірінші сөйлем құрауды үйреніп алу керек-ау», «Бәрі кино түсіргіш болып кеткен»,-деді олар.

«Кешірмей қақиып тұрып алатындар бар»: Гүлзира Айдарбекова ажырасуға не себеп екенін ашып айтты (ВИДЕО)

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова қазіргі жас отбасылардағы кикілжіңдердің себебін атап, жастарды тәкаппар болмауға шақырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қайрат Нұртастың анасы 7-арнаның «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында сұхбат беріп, жанұядағы жанжал көбінесе көкіректік пен өзін-өзі дұрыс ұстамаудан туындайтынын мысалмен түсіндірді.

«Жастарға айтарым, сол ананы сыйласа болды ғой. Әкеге күліп отырып, шайын берсе… Тырысып отырмаса, жұлынбаса… Күйеуің кешірім сұрайды ғой. Сол кезде одан да әрі асып кетіп, бетпақтық танытпай, «жарайды» деп келісе салсаң, әрі қарай жақсы әңгіме айтып, жақсы қыдырып… Кешірмей қақиып тұрып алатындар бар. Оның барлығы көкірекке байланысты ғой. Әңгіменің барлығы сол тәкаппарлыққа келіп тіреледі ғой», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Продюсердің айтуынша, қолайлы қарым-қатынас пен сыйластық отбасыдағы кикілжіңдерді азайтуға көмектеседі.

«Бір ән айта қойып едім…»: Мөлдір Мұқанова фонограмма туралы заңға қатысты ойын айтты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Соңғы кездері әншілікке бет бұрған Мөлдір Мұқанова фонограмма туралы қабылданған заңнамаға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол жанды дауыста ән шырқай алатынын жеткізді.

«Бір ән айта қойып едім… Осы заң шығу үшін мен ән айтуым керек болған ғой. Мен дайындықты бастадым. Мен де жанды дауыста айтқым келеді. Жалпы шағын жерлерде аспапта ойнай отырып жанды дауыста айтып жүрмін», — деді Мөлдір Мұқанова.

Желі қолданушылшары түрлі пікірді қарша боратты.

«Болмаған дауысты қалай шығарады екен», «Сұмырай келсе су құриды деген», «Мөлдірге сахна мәдениетін үйрену керек сияқты», «Біз ұялып отырмыз, Тұрсынбек кірерге тесік таппай жатқан шығар», деді олар.