
«Кешіріңіздер мені»: «Қазақстан» шоколадын келемеждеген ресейлік блогер өкінетінін айтты (ВИДЕО)
Коллаж: Sn.kz Ресейлік блогер Михаил Гребенюк “Қазақстан” шоколадына қатысты пікірі үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. Блогер Telegram-арнасында жариялаған үндеуінде өз қателігін мойындап, видео үшін кешірім сұрады. «Қай жерде, не айтатыныңды ойланып сөйлеудің маңызын түсіндім. Біз шоколадтың дәмі туралы пікір білдірген видео жарияладық. Бірақ мен мәселенің дәмде ғана еместігін түсінуге…