Tag Archives: Шешенстан

Рамзан Қадыровтың 17 жасар ұлы Газа халқына көмек көрсету жобасын басқаратын болды

Фото: smartnews.kz

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы — 17 жастағы Адам Қадыров Газа секторына гуманитарлық көмек көрсету бағытын үйлестіруші болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы өңірдің діни және қоғамдық ұйымдармен байланыс департаменті мәлімдеді.

Грозныйда өткен жұмыс кездесуінде Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсету мәселелері қаралып, Газа тұрғындарына арналған қайырымдылық науқанын қайта жандандыру туралы шешім қабылданған. Жобаны үйлестіру міндеті Адам Қадыровқа жүктелді.

«Біздің республика басшысы Рамзан Ахматович Қадыров ешқашан мұсылмандарға төнген қайғы-қасіретке бейжай қараған емес. Оның Палестина халқына деген жеке жанашырлығы мен тұрақты қолдауы — нағыз бауырмалдық пен жанашырлықтың үлгісі», — деді департамент басшысы Аслан Абдулаев.

Адам Қадыров бұған дейін де бірнеше рет әлеуметтік жобаларға тартылған. Бұл жолы ол алғаш рет халықаралық деңгейдегі гуманитарлық бастаманы тікелей басқаратын болады.

Рамзан Қадыровтың 16 жастағы ұлы жаңа лауазымға ие болды

Фото: РФ Президенті жанындағы Шешен Республикасының Тұрақты Өкілдігі
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, 16 жасар Адам, жаңа лауазымға ие болды. Ол Владимир Путин атындағы Ресей арнайы күштерінің (РУС) кураторы болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

Тағайындау туралы Қадыровтың өзі жеке Telegram-арнасында хабарлады. Саяси қайраткер ұлының міндеттерін өте жақсы орындайтынына сенімді, деп жазады Zakon.kz.

Сондай-ақ, бұл шешім РУС басшысы Байбетар Вайхановтың өтініші бойынша қабылданғанын айтты.

«Адам Қадыров атақты университеттің қызметімен тығыз таныс. Ол жүктелген міндеттерді өте жақсы орындайды деген сенімдемін», деді Рамзан Қадыров.

Айта кету керек, бұл Адам Қадыровтың алғашқы лауазымы емес. 16 жасар Қадыров Шешенстанның батыры, әкесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы және Шейх Мансур атындағы батальонның кураторы қызметінде.